Атырау, 30 желтоқсан 01:11
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жылу жыры

3 142 просмотра

Сырым Датов көшесіндегі  бес қабатты №31  үйдің тұрғындары дабыл қағуда. Қала бойынша жылу қазан айының 15-інен бастап жіберіле бастаса, олардыңүйіне жылу келмек түгіл, орталық жылу қазандығынан құбыр да тартылмаған.

Құбырды коммуналшылар сонау көктемде-ақ кесіп тастаған болатын. Жазда жаңасын жүргізуге уәде еткен және күзге дейін барлығын өз қалпына келтіріп жасамақшы болды. Бұл - иесіз қалған үй. Бұрынғы “Салтанат» ПИК осыдан бес жыл бұрын банкротқа ұшырады, содан бері тұрғындар өздері иелік етуде. Олардың үйлерінің қасынан жаңа «әлеуметтік»  бес қабатты үйлерді салуды бастаған кезде  тұрғындардың айтуынша, электр энергиясын қатысты проблема орын алған. Үнемі тұйықталу орын алып, стабилизаторлар сатып алуға тура келген. Ал тамыз айынан бері ыстық су шүмегінен салқын су ағады.

Бұл проблемалардың барлығын тұрғындар жаңадан салынып жатқан құрылыстармен байланыстырады. Жаңа үйлердің құрылысының салдарынан оларда әзірге жылу да жоқ. Қалалық тұрғын үй,  коммуналдық-шаруашылық бөлімінің бастығы Серікбай ҚАЗИЕВТІҢ айтуынша, ескі құбырларды құрылысшылар кесіп тастаған. Бұрынғы жылу трассасы ескі үйлердің санына қарай есептелген, ал бүгінгі күні үш жаңа үй бой көтеріп, тағы да бірнешеуі салынуда. Сондықтан да бұл ауданда жаңа трасса жүргізіліп жатыр. Оның үстіне ескі және жаңа құбырлардың диаметрлері бірдей емес, оларды кез келген жағдайда ауыстыруға тура келген болар еді.

- Құрылыс бөлімі барлық жұмысты аяқтап, жылуды 20 қазанда беруді уәде етіп отыр. Тұрғындар алаңдамай- ақ қойсын, 15 қазанда қала бәрібір толығымен жылуға қосылып болмайды. Атырау жылу орталығының суды дайындау және ғимараттарға қосудың өз бағдарламасы бар, соған сәйкес, күн сайын 50,  ең көп дегенде 60 үйге беріледі. Ал қаланың тұрғын үй қоры 900  көпқабатты үйді құрайды,  - дейді Қазиев мырза. – Ал, жалпы бұл үйдің тұрғындарына ПИК құру туралы баяғыдан бері алаңдау керек еді. Мен өзім сол үйдің тұрғындарымен 4 рет жиналыс өткіздім, оларға түрлі ПИК-ін  ұсындық, бірақ, олардың құрамына кіруден бас тартты. Оларға үйді қысқы маусымға дайындау және шаюды қалалық биліктің өз мойындарына алғаны тиімді.

Қазір Атырауда әлеуметтік нысандарға жылу берілді: интернат үйлері, ауруханалар мен мектептер. №17 лицей, №21 мектеп және бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан облыстық аурухананың ескі корпусына жылу берілген жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

17 қазан 2012, 23:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.