Атырау, 5 желтоқсан 08:00
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жалған жалақы алғандар анықталды

2 501 рет қаралды

Қаржы полициясының департаменті Атырау қалалық стоматология емханасының кадрлар бөлімінің инспекторы, бас есепшісі және кассиріне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. 

Олардың үшеуі де 3 жыл бойына емханаға қатысы жоқ, онда жұмыс істемеген адамдарға төлем ведомстволарына жалған қол қою арқылы еңбекақы және сыйақылар беріп келген. Осылайша бюджеттің 5 млн теңгесін меншіктеп алған. Аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша 5 қылмыстық іс өндірісі аяқталып, олар сотта қаралып жатыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қазан 2012, 22:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.