Атырау, 25 қараша 00:18
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көршіден қауіп бар

1 673 просмотра

«Атыраубалық» АҚ-на жақын маңдағы үйлердіңтұрғындары оның ауласында сақталған аммиактан улануы мүмкін.

Күшті әсер ететін зат қуатты мұздатқыштар жұмыс жасау үшін қолданылған. Қазір қысымды ыдыстарда әрі қарай пайдалануға жарамсыз 15 тоннадай аммиак сақтаулы. Егер бұл ыдыстарды бөгде біреулер, мәселен, металл сынықтарын жинаушылар ашуға тырысса, төтенше жағдай орын алуы ғажап емес.

Облыстық ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бастығы Эльдар АХМАДУЛЛИННІҢ айтуынша, көктемде «Атыраубалық» басшылығына қауіпті заттан құтылу жөнінде нұсқау берілген. АҚ аммиакты жоюмен айналысуға дайын мердігер тапқандығын баяндапты.

Алайда «Атыраубалық» АҚ-ның еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Елена НЕКРАСОВАНЫҢ айтуынша, басшылықтың аммиакты жою түгілі, ұжым алдындағы еңбекақы бойынша қарыздарын өтеуге де ақшасы жоқ екен.

Қазір нысан күзеттің жіті бақылауында тұр. Алайда электр болмағандықтан түнгі уақытта аумақ жарықтандырылмайды. Күзетшілерге жылу да берілмеген. Кешікпей қауіпті ыдыстарды күзететін ешкім болмай қалуы мүмкін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

17 қазан 2012, 22:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.