Атырау, 18 желтоқсан 21:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Басшылар жаңа қызметке нөкерімен бірге барудан жаңылмайды», «Билікке "ыңғайсыз" тұлғаларды жазалау, интернетті бақылау және бидай "болашағы"», «Саяси тұтқындарды қолдау акциясы көбейген шақта журналист пен белсенді босап шықты».

3 582 просмотра

DALANEWS.KZ.  «LRT туралы ақиқат. Біз кімді алдамақшымыз?» - LRT құрылысының жалғастырылуы және оның оңтайландырылған шығындары туралы. LRT-ның бірінші нұсқасы бізге 2,6 млрд долларға шыққан еді. Оңтайланған шығыны – 1,5 млрд. Бұл қысқарту негізінен: – қарыз мерзімі 20 жылдан 5 жылға дейін қысқарту есебінен алынды. Тиісінше пайыздардың төлеу керек саны да азайды. ⁃ жылжымалы көлiктердi 19-дан 12-ге дейін қысқарту, аялдама станцияларын 18-ден 11-ге дейін қысқарту, жер асты және жаяу жүргіншілер өткелдерін қысқарту есебінен алынды.

AZATTYQ.ORG «Билікке "ыңғайсыз" тұлғаларды жазалау, интернетті бақылау және бидай "болашағы"» - Шетелдік баспасөз осы аптада Қазақстанда қамауда қалған саяси тұтқындарды түгендеп, Нұр-Сұлтанның интернетті бақылау саясатын кідірткенін атап өтті, «рекордтық деңгейге» дейін құлдырауы мүмкін дәнді дақылдарды да сөз етті. 

«"Магданыч, мені ұстағаныңмен, қолыңнан ештеңе келмеді". "Охотзоопромның" бұрынғы инспекторымен сұхбат» - Қазақстанның хайуанаттар дүниесін қорғаушылар қызмет бабында мерт болмауы үшін не істеу керек? Азаттық тілшісі бұл сұрақты он жылдан астам уақыт "Охотзоопром" мекемесінің Батыс Қазақстан облысындағы бөлімінің аға инспекторы болып істеген Нұрлан Тәжғалиевке қойып көрді. Жыл басынан бері браконьерлермен қақтығыста алған жарақатынан екі инспектор - Қаныш Нұртазинов пен Ерлан Нұрғалиев мерт болған еді. Олардың әріптестері ауыр жараланған. Әзірге екі қылмысқа кінәлілер жауапқа тартылған жоқ.

«Басшылар жаңа қызметке нөкерімен бірге барудан жаңылмайды» - Қазақстанда жоғары лауазымды шенеунік қызметі ауысқанда нөкерлерін қоса алып жүреді. Сарапшылар мұндай тәжірибе бюрократиялық аппаратты кәсіби кадрлардан жұрдай, басшының тамыр-танысы мен туысы жайлаған ортаға айналдырады дейді.

«Саяси тұтқындарды қолдау акциясы көбейген шақта журналист пен белсенді босап шықты» - Тамыздың 10-ы күні шымкенттік кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабай және павлодарлық "Версия" газетінің редакторы Ярослав Голышкиннің түрмеден босап шыққаны белгілі болды. "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену" бабы бойынша айыпталған Балтабай шілде айының ортасында жеті жылға сотталған еді. Ал журналист Голышкин түрмеде 2015 жылдан бері отырып келген. Биліктің бұл қадамын қолданушылар әртүрлі бағалайды.

JASQAZAQ.KZ. «Әркімнің өз мүддесі» - The National Interest (Ұлттық мүдде) – Америкадағы сараптамалық журнал. Айына екі рет жарық көреді. NationalInterest.org атты танымал сайты да бар. Сарапшылар кеңесін әйгілі дипломат Генри Киссинжер басқаратын көрінеді.

«Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ» - Мекемтас аға, ертең Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл ұлы ақынның туғанына 175 жыл толады. Жұрттың бәрі жаппай Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып жатыр. Жыр эстафетасынан абайтанушы Мекемтасты таба алмадық. Неге?


12 тамыз 2019, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.