Атырау, 24 қараша 13:01
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Магистратураға түсудің қитұрқы әдістері

Сурет Бейнежазба
4 304 просмотра


10 тамыз күні Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу тапсыру кезінде талапкердің орнына тест тапсыруға келген адам ұсталды.  Сонымен қатар тест кезінде ұялы телефон қолданып отырған қыз бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Екінші күні (11 тамызда) магистратураға түсушілерден 94 ұялы телефон тәркіленді.



Тестілеу нәтижелерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін «Атырау - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері және арнайы мониторингтік топтардың мүшелері Атырау мемлекеттік университеті базасында орнатылған арнайы монитор арқылы бақылау жүргізеді.



Таңертеңгі 8-ден бастап әр абитуриентті арнайы құрылғылар арқылы кешенді тестілеу кезінде тыйым салынатын заттарды (телефон, шпаргалка, калькулятор) тексереміз. Бұдан кейін олардың жеке басын растайтын төлқұжат және арнайы рұқсат қағаздары тексерілді,- дейді «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия АДИЕВА. - Әр аудиторияда орнатылған бейнебақылау қондырғылары арқылы  біздің қызметкерлері бақылау жүргізіп отырды. Сондай-ақ кешенді тестілеу барысын бақылауға ниетті азаматтар үшін Атырау мемлекеттік университетінің ресми сайтында тікелей эфир арқылы көрсетілген болатын.


- Қандай заң бұзушылықтар анықталды?

- 10 тамыз күні тестілеуге құжат тапсырған 80 абитуренттің 78 қатысты, екеуі белгісіз себептерге байланысты қатыспаған. Бақылау кезінде біздің қызметкерлер ұялы телефонды пайдаланудың 2 фактісін және тест тапсырушы тұлғаның орнын алмастырған 1 фактісі тіркеліп, олар заңсыз әрекеттері үшін тестілеуден шығарылды. Анықталған фактілерге байланысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Ал 11 тамызда 99 талапкерден 94 ұялы телефон тәркіленді. Басқа заң бұзушылықтар болған жоқ.

«АЖ» тілшісі 11 тамыз күні талапкерлерді қалай тексеретінін көріп қайтты: оқу ордасының барлық есіктері жабылған, тест тапсыру корпусына кірер есікте 2 «металлоискатель» және тағы да бір қызметкер қол «металлоискателі» арқылы ұялы телефондарды іздейді.

- Сізде де телефон бар ма? – деп сұрады қызметкер тестке кіретін талапкерден

- Иә, - деп үстел үстіне қарапайым ұялы телефонын шығарып берді. Бірақ қол «металлоискателі» арқылы тексеру  кезінде қалтасынан «Iphone» шықты.

- Бірінші күннің (10 тамыз) нәтижесіне келетін болсақ, бүкіл Қазақстан бойынша тестілеуге келген 5705 қатысушының 4014-і смартфонмен келген. 216 үміткер тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдалану әрекеттерін жасаған, соның салдарынан олардың нәтижелері жойылды. Сонымен қатар, 10 бөгде тұлға анықталды, олар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданатын болады,- деп жазды өзінің Facebook парақшасына  ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.

Айтпақшы, тестке арнайы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері келген. Естеріңізге сала кетсек, шілде айында  Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атыраудағы екі мектеп директорының орынбасарларын ұстады. Олар талапкерлердің ата-аналарын ҰБТ кезінде жоғары балл қою үшін мемлекеттік комиссия мүшелеріне 600 мың теңге көлемінде пара беруге итермелеген. Директорлардың орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасуда

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор

12 тамыз 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.