Атырау, 18 желтоқсан 20:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Экс-президент билікке араласа берсе, катаклизм болады". Сарапшылар пікірі», «Медиация азаматтық қоғамның негізі», «Қытайдағы қандастың күні хақында​», «Оқулықтарды іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі».

3 314 просмотра

AZATTYQ.ORG «"Экс-президент билікке араласа берсе, катаклизм болады". Сарапшылар пікірі» - Қырғызстан күштік құрылымдары екі күн қатарынан арнайы операция ұйымдастырып, ақырында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Кой-Таштағы үйінен ұстап әкетті. Қазақстандық сарапшылар «Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевты сынағаннан кейін Нұр-Сұлтан Қырғызстандағы жағдайға араласпауға тырысады» деп санайды.  

«"Денсаулықтан айырылып, жоқшылықта күн кешіп жатырмыз". Тоқаевқа хат» - Қарағанды облысындағы бұрынғы шахтерлардың бастамашыл тобы еңбек мүгедектерінің мәселесін қайта көтерді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуінде олар үш жыл бұрын заңға енгізілген өзгерістер өндірісте ауыр жұмыс істеп денсаулығынан айырылған жандардың жағдайын қиындатып жібергенін айтып, оны қайта қарауды сұрайды.

CAMONITOR.KZ. «Медиация азаматтық қоғамның негізі» - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті нығайтудағы, медиацияның рөліне ерекше тоқталған болатын.  Бұл міндеттерді шешуде, Қоғамдық келісім кеңесі мен медиация институттарының да маңызы зор. Медиаторлар жүйесінің дамуы Қазақтандағы сот жұмысына жеңілдік жасап, халықтың құқықтық мәдениетінің дамуына, дауды диалог арқылы оңтайлы шешудің бір жолын белгіледі. Медиация рәсімінің басты мақсаты дауға қатысты тараптарды қанағаттандыратын жол, шешім табу болып табылады.

INFORMBURO.KZ. «Қытайдағы қандастың күні хақында» - 2017 жылдан бастау алатын жергілікті түркітілдес халықтарға қарсы қуғын-сүргіннің сылтауы – өлкедегі қауіпсіздікті күшейту және діни экстремизм мен сепаратизмді ауыздықтау. Алайда аталған науқанның түпкі мақсаты ҚХР құрамындағы аз ұлттарды жаппай қытайландыру мен коммунистік идеологияға бағындыруға келіп саяды.

365INFO.KZ  «Бәрі өтірік: фотографтар жұртты қалай алдайтынының мысалдары» - Егер мінсіз сурет — бұл сәтті түсірілген кадр деп ойласаңыз, қателесесіз. Сәтті кадрды өмірбақи күтуге болады. Оны өз қолыңмен жасауың керек.

«Оқулықтарды іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі» - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы кеңесте оқулық сапасы сараптаудың әлсіздігінен зардап шегетінін айтты.


9 тамыз 2019, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.