Атырау, 29 желтоқсан 16:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«Б» жоспары жасалмаған

2 227 просмотра

4 қазан күні Индербор поселкесінде жергілікті халықты әупірімдеп ауыз сумен қамтып отырған ескі су тазарту қондырғысы (СТҚ) (суретте) істен шықты.

Жаңа су тазарту қондырғысының энергетиктердің қарызының кесірінен тұрып қалғанын және оған үміт артудың қажеті шамалы екенін ескерсек, жағдай дабыл қағарлық (АЖ, №40, «Ауыз сусыз ауыр күндер әлі алда» мақаласын қараңыз).

- Апат ескі су тазарту қондырғысының фильтрлерінің бірінде орын алып, Жайық өзені жағасында орналасқан су сорғысы мен СТҚ арасын жалғаған құбыр жарылды. Құбырлар таттанып кеткен, үгітіліп жатыр, - дейді Индер ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ. Шығын көлемі 6 млн теңге.

Қазір 13 мың халқы бар кент суды жазғы су құбыры арқылы алып отыр. Бірақ, күн суытқанда бұл да мүмкін болмай қалады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қазан 2012, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.