AZATTYQ.ORG «"Тәуелсіз" және "билікшіл" топтар тартысы WhatsApp чаттарына жетті» - Жыл басындағы көп балалы аналар наразылығынан соң жүйесіздеу түрде болсын ел бойынша құрылған белсенді әйелдердің WhatsApp чаттары биліктің назарын аударған. Көп ұзамай «тәуелсіз чат» пен «билікшіл чат» тартысы пайда болды.
«Human Rights Watch ұйымы президент Тоқаевты "қысымды доғаруға" шақырды» - Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі адам құқығы саласындағы проблемаларды шешуді кідіртпей қолға алуы керек деп санайды. Ұйымның атқарушы директоры Хью Уильямсон Ақордаға хатында билікті реформа жүргізуге шақырған.
«Атамбаевты ұстау операциясында арнайы жасақ өкілі қаза болды» - Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Кой-Ташта елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын ұйымдастырып, оны үйінен әкетуге талпыныс жасады. Атамбаев үйінің маңындағы операция кезінде ондаған адам жараланып, арнайы жасақтың бір қызметкері қаза болды. Тиіспеушілік статусынан айырылған Атамбаевқа елдің қазіргі билігі бірнеше айып тағып, тергеуге шақырғанымен, ол барудан бас тартқан.
«Басшылар жаңа қызметке нөкерімен бірге барудан жаңылмайды» - Қазақстанда жоғары лауазымды шенеунік қызметі ауысқанда нөкерлерін қоса алып жүреді. Сарапшылар мұндай тәжірибе бюрократиялық аппаратты кәсіби кадрлардан жұрдай, басшының тамыр-танысы мен туысы жайлаған ортаға айналдырады дейді.
«Қауіпсіздік сертификаты: Сынақ аяқталғанмен сұрақ көп» - Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғам наразылығын туғызған даулы қауіпсіздік сертификатының "сынақ" болғанын, сынақ тамыздың 7-інде аяқталатынын мәлімдеді. Жұрт наразылығына қарамастан ҰҚК сынағын "сәтті" деп бағалаған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолданушылар "алдын ала ескерту" болмағаны үшін сынады.
CAMONITOR.KZ. «Қазақстан халқының діншілдігінің өсуі қайда апаруы мүмкін?» - Елдегі нақты діни жағдай жөнінде бізде өте үстірт түсінік орын алуда. Осы тақырыпқа деген үлкен қызығушылыққа қарамастан, ислам қазақстандықтардың ақылына және өмірдің түрлі салаларына қаншалықты терең енуіне қатысты сапалы зерттеулер Қазақстанда әзірше жоқ.
365INFO.KZ «Қазақстан тиісуге болмайтын ел болудан қалды» - Теріс сценарийлердің бірі — радикалдар, және оның ішінде ИГИЛ республикамызға шабуыл жасауы мүмкін.
«Ірі және орта бизнес Қазақстаннан кетіп жатыр» - Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың оң статистикасы тек саудада ғана сақталып отыр.