Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "АрселорМиттал" компаниясының басқарма төрағасы және бас директоры Лакшми Митталды қабылдады.
Кездесу барысында елдегі металлургиялық саланың жай-күйі мен келешегі талқыланды.
Л.Миттал Нұрсұлтан Назарбаевты компанияның ағымдағы қызметіндегі басымдықтары мен таяу кезеңге арналған инвестициялық жоспары туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша компанияның құрамына кіретін кәсіпорындарда еңбек шартын жетілдіру және әлеуметтік жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды.
Дереккөз: akorda.kz