Атырау, 29 желтоқсан 17:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Коммунистер тегін жолақы үшін күреседі

2 074 просмотра

13 қазан күні Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшелері өз пленумында қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ пен қалалық мәслихат депутаттарының атына жазған ашық хатты қабылдады.

Бұл хатта коммунистер зейнеткерлерді барлық маршруттар бойынша қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік жасауға қол жеткізу қажеттігін жазған.

- Астана қаласында да зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығына ие. Олай болса, неге бізде, Атырауда да солай қылмасқа? - дейді ҚКХП-ның облыстық комитетінің І-ші хатшысы Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ.

 – Атырау да елордамыз секілді қымбат қала. Зейнеткерлеріміз де әлеуметтік қамқорлыққа зәру.

Дәулетқазиев ҚКХП өкілдерін күні кешеге дейін өткізіліп отырған жиналыстарға «сендер оппозициясыңдар» деген желеумен қатыстырмауға тырысатынын мәлім етті.

- Басқа партияларды кіргізеді де, бізге «Нұр Отаннан» рұқсат алып келіңдер дейді. Ал біз парламенттік партиямыз ғой!

Одан бөлек, жастарды партияға белсенді түрде тарту қажеттігі айтылды. Пленум соңында жергілікті оқу ордаларының бес студентін партия қатарына қабылдады.

Айнұр САПАРОВА

17 қазан 2012, 18:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.