Облыстық әкімдікте бірден үш басқарманың басшылары ауысты.
Лауазымдық қызметінен облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ (суретте) өз қалауымен кетті. Басқарма бастығының міндетін уақытша оның орынбасары Алмаз КӘРІМЖАНОВ атқаруда.
Облыстық мәдениет басқармасының жаңа бастығы болып Әуез ҚҰЛЖАНОВ тағайындалды. Бейресми ақпарат көздерінің мәліметтеріне қарағанда, бұрынғы бастық Нұрлан Ерғалиев облыс әкімінің аппаратына кеткен көрінеді.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы болып бір кездері осы мекемені басқарған Қазбек ИМАНҒАЛИ тағайындалды. Соңғы жылдары ол «Астана» волейбол клубының директоры, облыстық баскетбол федерациясының бас менеджері, Астанада «Ұлттық штаттық командалары және спорттық резервтер дирекциясы» РМҚК директорының орынбасары қызметін атқарған. Басқарманың бұрынғы бастығы Берік ЖАНКЕЕВ бір ай бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен болатын.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА