Атырау, 11 желтоқсан 03:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

СҚО-да бір күн ішінде полицейлерге шабуыл жасаудың екі фактісі тіркелді

1 904 просмотра

Солтүстік Қазақстан облысында бір күн ішінде полицейлерге шабуыл жасаудың екі фактісі тіркелді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі облыстың ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып. 

«11 қазан күні кешке маршрутты троллейбустың салонында «Петропавл Су» АҚ-тың 42 жасар ұстасы мас күйінде Петропавл қаласының ІІД милиция қызметкері, полиция лейтенанты Виталий Подчернинге қатысты күш көрсетті», - деп хабарлады ведомстводан.
ҚР ІІМ Алматы Академиясының түлегі оперативті топқа кезекшілікке бара жатқан. Аялдамалардың бірінде мас адам салонға кіріп, жас милиция қызметкерінің жанына отырады. Басқа жолаушылардың көзінше полиция лейтенантына дөрекі сөздер айта бастайды. Лейтенанттың бетіне түкіреді. Милиция қызметкері оның білегінен ұстап, орындыққа отырғызбақшы болғанда мас адам оны бірнеше рет ұрып жібереді. Екі жолаушы жігіт мас азаматты полицейден алып кетеді, дегенмен ол төбелесіп, қызметте жүрген полция қызметкерін балағаттауын жалғастырады.
Троллейбус жүргізушісі дүкен жанында тұрған жол полициясы патрульдік көлігінің қасына келіп тоқтайды, жас полицейге көмекке келген екі жігіт мас адамды автобус салонынан шығарады.
«Медициналық сараптамтама нәтижесі бойынша, автобус жолаушысы орташа деңгейде мас болған», - деп ақпараттандырды ведомстводан.
Дәл осы күні тағы бір мас отбасы мүшелері милиция капитанына шабуыл жасайды. Олар полиция қызметкерін пышақпен жаралап, формасын жыртады.
«Аталмыш фактілер бойынша, ҚР ҚК 321б.2б. бойынша қылмыстық істер қозғалды», - деп баяндады баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылы билік өкілдеріне жасалған шабуылдарға қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды, олардың ішіндегі 9 іс 2012 жылы қозғалған болатын. 5 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, сотқа жөнелтелді», - деп толықтырды облыстық ІІД.

Дерекккөз: bnews.kz

17 қазан 2012, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.