Ресейлік жоғары оқу орындары екі жыл қатарынан әлемнің 200 үздік университеттері қатарына кіре алмады.
Times Higher Education мәліметіне қарағанда, бірінші орында Калифорнияның техникалық университеті тұр. Одан кейінгі орынды Ұлыбританиядағы Оксфорд университеті алыпты. Аталған білім ордасы өткен жылы тек төртінші орында болған. Алғашқы үштікті АҚШ-тағы Стэнфорд университеті қорытындылайды. Гарвард университеті төртінші орынға тұрақтаған. Үздік ондыққа британдық Кембридж университеті мен Лондон империялық колледжі тиісінше 7 және 8 орынға тұрақтаған. Жалпы бұл жолы алғашқы ондыққа Американың жеті университеті кіріпті.
Ресейлік ММУ қазір 216-шы орында.
Дереккөз: bnews.kz