Атырау, 11 қараша 03:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Павлодар бензині құтқарды

2 398 просмотра

Мұнай және газ министрлігі Атырау облысында АМӨЗ-дің тоқтатылуы салдарынан мұнай өнімдерінің тапшы болуына жол берілмейтінін мәлімдеді.

17 қазан күні таңертең Уәлиханов көшесінің бойындағы «ҚазМұнайГаз-Өнімдері» жанар-жағармай бекетінің операторы «АЖ» тілшісіне Атырау МӨЗ-ның тоқтатылуына байланысты АИ-92 бензині бір адамға 20 литрден сатылып жатқанын хабарлады.

Түсінік алмақ болып отын компаниясының кеңсесіне хабарласқан кезде, олар мұны «айтып қойған» қызметкеріне бірден қоңырау шалып, оны істің нақты мән-жайын білмейді деп жазғыра бастады. Іс жүзінде бензин дүйсенбіден бастап шектеусіз сатылып жатыр екен.

Өзін таныстырмауды жөн көрген компания қызметкерінің айтуынша, АИ-92 бензинінің тапшылығы Атырау қаласының жанар-жағармай бекеттерінде өткен демалыс күндері бензинді қолма-қол ақшасыз босатуды шектеуге тура келген кезде байқалған. Ал кәртішке бойынша бензин шектеусіз сатылған.

Мәселе мынада, 6 қазан күні таңертең орын алған АМӨЗ-дегі апаттан кейін «ҚазМұнайГаз-Өнімдері» компаниясының Атырау филиалы өзінің резервтік қорындағы бензинді сата бастаған. 6 қазанда Павлодар МӨЗ-на «ҚазМұнайГаздан» Атырауға қажетті мөлшердегі отынды тиеу директивасын жолдаған. Бірақ Павлодардан бізге дейін вагондар 7 күн жүреді. Сондықтан компанияға осы күндер бойына отынды шектеусіз сатқан өзінің бәсекелестері – «Гелиос» пен «Синойл» компанияларынан бензинді қарызға алуға тура келген. Павлодар МӨЗ-ы Атырауға 547 тонна бензин тиепті. Дереккөзіміз хабарлағандай, дүйсенбіден бастап вагондар Теңдік стансасына жетіп, түсірілетін болады.

Ал мұнай және газ министрлігі АМӨЗ 19 қазанда өз жұмысын жалғастырады деп хабарлады. Алайда мамандар технология бойынша зауыт алдымен төменгі сұрыпты бензин шығаратынын біледі.

Мурат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қазан 2012, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.