Атырау, 29 қараша 06:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әкімдіктегі пәтер алаяғы сотталды

2 382 просмотра

Қалалық ТКШ бөлімінің қызметкері Асқар ДҮЙСЕМБИЕВ аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға сотталды.

Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Дүйсембиев Атырау қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің энергетика секторының бас маманы қызметінде жүріп, бірнеше азаматты алдау арқылы сенімдеріне қиянат жасап, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесуге уәде етіп, олардың 4,2 млн теңгесін қалтасына басқан.

«Аталмыш факті бойынша А. Дүйсембиевке қатысты 5 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. №2 Атырау қалалық сотының үкімімен А. Дүйсембиев ҚР ҚК-нің 177-бабы, 3-тармағының «б, г» тармақшалары («Алаяқтық») бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен қоса 3 жылға сотталды», - делінген баспасөз релизінде.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

16 қазан 2012, 21:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.