Атырау, 18 желтоқсан 21:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Азаптау" видеосынан соң түрме басшысы қызметтен кетті», «Көп балалы аналар атаулы көмек жайлы есеп беру шартына наразы»,«"Жусан" операциясы: Елге қан көрген бала, "жезөкше" ана келді», «”Дара жол” бағдарламасы және қысыр әңгіме».

3 099 просмотра

AZATTYQ.ORG «"Азаптау" видеосынан соң түрме басшысы қызметтен кетті» -"Тұтқынды жабылып ұрып, азаптаған түрме қызметкерлері" жайлы видео желіде тараған соң Заречныйдағы колония басшысы мен бірнеше адам жұмыстан шығарылды. Құқық қорғаушылар бұл "тұтқындардың ар-намысын қорлағандар үшін жеңіл жаза" деп санайды.

«Көп балалы аналар атаулы көмек жайлы есеп беру шартына наразы» - Көп балалы аналарға 21 мың теңге төлей бастаған үкімет ақшаның қайда жұмсалғаны жайлы есеп беруді талап етеді. Мақсатсыз жұмсалса қайтарып алмақ. Нұр-Сұлтан қаласында биліктің атаулы әлеуметтік көмекке байланысты талабына наразы ондаған әйел шағым айтып үкіметке барды.

«Әйелдердің жетіспеуі адам саудасына әсер етіп отыр» - Қытайдағы гендерлік алшақтық кесірінен елге шеттен әйелдерді алдап шақыру немесе ұрлап әкетіп, күштеп және қорқытып жыныстық саудаға салу, басыбайлы күңге айналдыру белең алған. АҚШ мемлекеттік департаментінің арнаулы есебінде Қытай үкіметінің тууды шектеуге бағытталған көпжылдық саясаты мен қытайлардың ұлдарға басымдық беру дәстүрі ондаған миллион әйелдің жасанды түсік жасату арқылы болашақ сәбиінің жынысын алдын-ала таңдауына жол ашқаны, әйелдер мен ерлер арасындағы алшақтық ұлғайып бара жатқаны айтылған.

«Римма мен балалары. Сириядан оралған отбасының хикаясы» - Қарағандыда 28 жастағы жесір әйел Римма араға жеті жыл салып, жақындарымен қайта қауышатын сәтті тосып жүр. Ол төрт баласымен бірге жақында Таяу шығыстағы қарулы жанжал аймағынан оралған.

ZHASALASH.KZ. «”Дара жол” бағдарламасы және қысыр әңгіме» - Қазақстан телеарналарының бірінен көрсетілетін «Дара жол» деген бағдарлама бар. Жүргізуші оған еліміздегі танымал қайраткерлерді – жазушыларды, ғалымдарды, саясаткерлерді шақырады. Демек, олар көпшіліктің алдына шығып алып, қоғамның даму жолында көлденең тұрған, өзекті саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғайды дерсіз. Жоқ, мүлдем олай емес. Әңгіме тек тұрмыстық және жеке басқа ғана қатыстылар төңірегінде өрбиді. Танымал қайраткерлер жиналып алып, өздерінің отбасы, балалары, жеке жетістіктері туралы, достармен бас қосқандағы «қызық» әңгімелерін айтады.  

QAMSHY.KZ. «"Жусан" операциясы: Елге қан көрген бала, "жезөкше" ана келді» - Жұрттан жырақта жүрген әр қазақтың тағдыры бізге қашанда қымбат. Осы тұрғыда Сириядағы отандастарымызды елге қайтаруға талаптанып жатқан мемлекеттің қадамы аса құптарлық. Алайда азаматтарымызды атамекенге әкелу – істің жартысы ғана. Санасы уланған, психикасы бұзылған адамдардың ендігі жайы бізді қатты алаңдатады.


 



 

30 шілде 2019, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.