Атырау, 29 желтоқсан 16:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

ҚР ІІМ басшысы В. Челахқа жеке камера беруден бас тартудың себебін түсіндірді

2 542 просмотра
 
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында өз қаруластарын өлтірді деген айып тағылған Владислав Челахқа жеке камера беруден бас тартылғандығын мәлімдеді.

«Оған жеке камера беруден бас тартылды. Себебі қылмыскерлерді ұстаудың арнайы ережесі сондай», - деп түсіндірді Қ. Қасымов.

Бұрын БАҚ-та хабарланғандай, В. Челах өзіне-өзі қол жұмсамақ болғаннан кейін, туыстары тергеу изоляторының басшылығынан оны жеке камераға көшіруді сұраған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 30 мамырда аймақтық «Шығыс» шекара қызметі басқармасының Үшарал шекара отрядының «Сары бөктер» шекара заставасының наряды жазғы уақытта 15 жауынгер қызмет ететін «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимаратын көреді.  

Тексеру барысында казармалар мен офицерлік үйден 13 адамның өртенген денелері анықталды. Ал тағы бір мүрде бекет маңынан өтетін өзеннің жағасынан табылды. Сонымен қатар,»Арқанкерген» бекетінен 150 метр қашықтықта орналасқан аңшылық шаруашылығының күзетшісі автоматтан бірнеше рет атылып өлтірілген Руслан Кимнің денесі табылған еді.

4 маусымда шекара қызметкерлері шабан қыстақтарының бірінде тығылып жатқан «Арқанкергенде» әскери борышын атқарған шекарашылардың бірі Владислав Челахты ұстаған болатын. Оны тінту кезінде капитан Кереевке тиесілі азаматтық киім-кешек, тапанша және ноутбук, сондай-ақ басқа әскери қызметкерлердің ұялы телефондары табылды. Сол күні өз адвокатының қатысуымен В. Челах қызметтестерін және Руслан Кимді өлтіргендігін мойындады.

Бұдан бұрын ҚР Бас әскери прокуратурасы мәлімдегендей, 2012 жылдың 11 қыркүйегінде ЛА-155/16 ішкі постының кезекшілері мекеменің камераларын барлау кезінде В. Челахтың өзінің спорттық шалбарын терезенің торына байлап, соған асылып өлмек болған іс-әрекетінің үстінен түскен болатын. Тексеріс кезінде В. Челахтың денесінен ешқандай жарақат табылмаған, ал денсаулығы қанағаттанарлық болған.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

16 қазан 2012, 19:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.