Атырау, 29 желтоқсан 16:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«ҚТЖ» мен «АрселлорМиттал Теміртауға» қатысты тексеру жүргізілуде

2 098 просмотра

Бәсекелестікке қатысты еліміздің бірқатар алпауыт компанияларына 66 тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл жөнінде Астанада өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті.
Мәселен, агенттік төрағасының айтуынша, «Қазақмыс» корпорациясына қатысты электр энергиясы бойынша шарт жасаудан бас тарту фактісінде тергеу аяқталған. Бұл ретте компанияға 1,4 млрд. теңге айыппұл салынған. Дегенмен аталған факті бойынша сот үрдістері жалғасуда.
«Қазір біз «Қазақстан теміржолы», «Арселор Миттал-Теміртау», «Еуразиялық энергетика корпорациясы», «Екібастұз ГРЭС», «Эйр Астана» секілді бірқатар компаниялар мен субъектілер бойынша 66 тергеуді жүргізіп жатырмыз», - деді Ғ. Әбдірахимов.

Дереккөз: kz.government.kz

15 қазан 2012, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.