Атырау, 29 желтоқсан 16:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Ұялы телефон операторларына айыппұл салынды

2 284 просмотра

«GSM Қазақстан»  ЖШС-ға («K-Cell» сауда маркасы) роуминг қызметіне қосылу үшін шекті мәндерді белгілеу арқылы үстем жағдайларды теріс пайдаланғаны үшін 200 миллион теңгеге айыппұл салынды деп мәлімдеді Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахимов.

Осындай тексеру «Картел-Белайн» маркасымен және «GSM Қазақстан» маркасындағы мобильдік операторларға да жүргізілді. Нәтижесінде операторлар бағасы роуминг бойынша 3 есеге, СМС 2 есеге кеміді. Естеріңізде болса, бұрын роумингке қосылу үшін баланста 15 мың теңге болуы қажет еді.

БҚА бұл әрекеттерді шекті мәндерді белгілеу арқылы үстем жағдайларды теріс пайдаланып, тұтынушылардың құқықтарына қысым жасады деп бағалады. «Нәтижесінде операторлар бағасы роуминг бойынша 3 есеге, СМС 2 есеге кеміді. Естеріңізде болса, бұрын роумингке қосылу үшін баланста 15 мың теңге болуы қажет еді. Қазір оның шамасы 3236 теңгені құрайды», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Осылайша, «Картель» компаниясына 155 млн. теңге айыппұл салынып, ол қаражат бюджетке аударылды. Ал, «GSM Қазақстан» компаниясына 280 млн. теңге айыппұл салынды. Қазір біздің осы шешіміміз бойынша сот ісі жүріп жатыр»,-деді Ғ. Әбдірахимов.

Дереккөз: newskaz.kz

15 қазан 2012, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.