Атырау, 29 желтоқсан 16:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Бүгіннен бастап коммуналдық қызметтері онлайн жүйеде төлеуге болады

2 070 просмотра

Бүгіннен бастап коммуналдық қызметтерді   egov.kz  электрондық порталы арқылы төлеуге болады. Бұл туралы  «ҰАТ» АҚ Баспасөз қызметі хабарлады.

Әзірге бұл мүмкіндікті Астана, Алматы және Қызылорда қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Алдағы уақытта техникалық дайындығына қарай коммуналдық қызметтерді онлайн төлеудің мүмкіндігі республикамыздың басқа қалаларында пайда болады.
 
Бүгін  «ҰАТ» АҚ тарапынан осыған орай арнайы акция басталғаны туралы да хабарланды. Атап айтқанда, коммуналдық төлемақыны онлайн төлеген алғашқы 50 адам 3-ші буындағы мобилдік байланыс пен модемді сыйлыққа алады.
 
Коммуналдық қызметтерді төлеу рәсімдері туралы нақтырақ  1414 нөмірінен білуге болады.
Дереккөз: BAQ.KZ
15 қазан 2012, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.