Атырау, 25 сәуір 02:12
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Сәтпаев: “Жәкішевке бостандық бермесе билік оңбай өкінеді”», «"Жылымық орнағаны жайлы мифтерге нүкте қойылды". Жәкішев сотына реакция», «Тоқаев айтатын әділдік шын өмірде бар ма?», «Әблязов Жәкішевтің тағдырына обал жасады».

3 599 просмотра

AZATTYQ.ORG «Мюллердің есебі көптің көңілінен шықпады» - АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауына Ресейдің араласуын тексерген топты басқарған бұрынғы арнайы прокурор Роберт Мюллер шілденің 24-і күні АҚШ конгресі өкілдер палатасының екі комитетіндегі тыңдауда сөз сөйледі. Бұл тыңдауларды өткізуге мұрындық болған демократтар Мюллерден тергеу барысына президент Трамп кедергі жасады ма деген сауалға нақты жауап алғысы келген.

«"Жылымық орнағаны жайлы мифтерге нүкте қойылды". Жәкішев сотына реакция» - Семей соты “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі он жылдан астам түрмеде отырып, денсаулығы қатты нашарлаған үшінші топ мүгедегі Жәкішевтің босатылмауын сынады.

«Авторитаризмді сынаған сөзді еске салған ақын акциясы» - Ақын әрі азаматтық белсенді Рамиль Ниязов өзін алаңға Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жазылған плакатты ұстап шығуға не итермелегенін айтып, елдегі саяси жағдайдың поэзиядан көрініс табуы жайлы ойымен бөлісті.

«Дерті асқынған Мұхтар Жәкішевті қамаудан босатпады» - Шілденің 24-і күні Семей қалалық №2 соты "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырмады. Сот процесінің соңы наразылыққа ұласты.

DALANEWS.KZ.  «Әблязов Жәкішевтің тағдырына обал жасады» - Саясаттанушы Әміржан Қосанов Жәкішевтің шатылуын Әблязовтан көреді.

«Сәтпаев: “Жәкішевке бостандық бермесе билік оңбай өкінеді”» - Саясаттанушы Досым Сәтпаев биліктің Жәкішевті босатудан өзге амалы жоқ дейді.

«Тоқаев айтатын әділдік шын өмірде бар ма?» - Жоқ. Жұқанасы да жоқ. Болмаған да. Орнамаған да. Әділдік әдемі сөз ғана біз үшін, ал әділетсіздпен әлбетте күнбе-күн бетпе-бет келеміз. Күнбе-күн.

ABAI.KZ. «Сәуле Айтпаева мен Аружан Саинды салыстырудың өзі ұят!» -  «Аружан Саинды Қазақстандағы Бала құқықтары бойынша уәкілі етіп тағайындау – қасқырға қой бақтырумен бірдей қиянат!». Турасын айтайын: менің «ауыр дертке шал­дыққан балаларды шетелде емдету үшін қаржы жинаумен айналысатын» деген айдары бар «Милосердие» қоғамдық қорының директоры Аружан Саинда алты аласым, бес бересім жоқ... Тек, қайбір жылы біреулердің ықпалымен мүгедек екі баламның емдеуіне жәрдем сұрап, хат жазғанмын. Жауапсыз қалдырды.


25 шілде 2019, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.