Атырау, 10 желтоқсан 00:19
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

«AS-Америкалық компаниялар тобы» Лондон халықаралық сотында бәсекелестікті қорғау агенттігімен соттасып жатыр

2 192 просмотра

АСТАНА.  15 қазан. ҚазАқпарат -  «AS-Америкалық компаниялар тобы» Лондон халықаралық сотында бәсекелестікті қорғау агенттігімен соттасып жатыр. Бұл туралы  бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында мәлім болды.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахимовтың айтуынша, жақында «AS-Америкалық компаниялар тобына»  қатысты тергеу аяқталды. «Бұл ретте «AS- Өскемен жылу энергия орталығы», «AS-Өскемен гидроэлектр стансасы» және «Еуроэнергиясервис» компанияларына қатысты электр энергия бағасының негізсіз көтерілуіне әкеп соққан бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер бойынша 20 млрд. теңгеден астам айыппұл салынды. Қазір сот ісі жүріп жатыр. Аталған топ Лондондағы халықаралық сотқа шағымданып, біздің шешімізге қарсы дауласып жатыр»,-деді Ғ. Әбдірахимов.

Бұдан бөлек агенттік төрағасы «Газөнеркәсіпмұнай-Қазақстан», «Дельтоэнержи», «Эльдарадо-Қазақстан»  секілді бірқатар компаниялар АИ-92 маркалы бензинге бағаны негізсіз көтерген. Осыған орай оларға жалпы сомасы 202,4 млн. теңге айыппұл салынған.

 Сондай-ақ, «Ақбидай» терминал компаниясы бидайды аударуға келісім-шартты жасаған кезде кейбір компанияларға қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан. Аталған компанияға 15,2 млн. теңге шамасында айыппұл салынды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

15 қазан 2012, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.