Атырау, 18 желтоқсан 20:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«М.Тайжан: Ол кезде Талғат Аян мен Макс Боқаев бостандықта болатын», «"Бассыздықтың шарықтау шегі". Тілшілерге шабуылға реакция», «Қ.Көшербаевтың уәделері мен образдары», «Тәуелсіз БАҚ-қа шабуыл: Журналистерге «титушкаларды» кім айдап салып отыр?».

2 581 просмотра

AZATTYQ.ORG «Қырымбек Көшербаевтың уәделері мен образдары» - Сарапшылардың кейбірі Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаевты "қоғаммен диалог орната алатын тұлға" десе, енді бірі "компромисті білмейтін қатты адам" деп санайды. Көшербаевтың өзі "біздің кезеңімізді ұрпағымыз ризалықпен еске алады" деп жазады.

«"Бассыздықтың шарықтау шегі". Тілшілерге шабуылға реакция» - Алматы қаласы полиция департаменті шілденің 22-сі күні журналистерге жасалған шабуылға байланысты тергеу бастағанын хабарлады. Қазақстандық желі қолданушылары мен құқық қорғаушылар биліктен тілшілердің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендерді тауып, жазалауды талап етті.

«Татарстан мұсылмандары мешіттерге камера орнатуға қарсы» - Татарстанда мұсылмандары биліктің мешітте камера орнату шарасына қарсы шықты. Тұрғындар "мешітке камера қою - адам құқығын бұзу" десе, шенеуніктер "камера мешітке келушілердің қауіпсіздігі үшін орнатылатынын" айтады.

QAMSHY.KZ. «Мұхтар Тайжан: Ол кезде Талғат Аян мен Макс Боқаев бостандықта болатын» - Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Мұхтар Тайжан кеше, яғни 22- шілде күні  оппозиционер Ержан Тұрғымбайдың Youtube арнасында сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

«Ұлттық қоғамдық кеңестегілер қанша жалақы алады?» - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің өзіне сенім қалыптастыруы керек. Сарапшылар Президент жанынан құрылған жаңа кеңеске осындай пікір айтуда деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

QAZAQTIMES.COM. «Тәуелсіз БАҚ-қа шабуыл: Журналистерге «титушкаларды» кім айдап салып отыр?» - Кеше Алматы қаласында Азаттық радиосы, ҚазТАГ және Алматы телеарналарының журналистеріне белгісіз адамдар шабуыл жасап, жұмыс істеулеріне кедергі келтірді. Осыған байланысты  бүгін біз аталмыш мәселеге байланысты саясаткер Ермұрат Бапи, журналист Қасым Аманжол, Серік Әбікен және адвокат Абзал Құспанның пікірлерін білуді жөн көрдік. 


23 шілде 2019, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.