Атырау, 26 желтоқсан 01:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Дариға Назарбаева: "Шенеуніктер адамдармен қарапайым, түсінікті тілде сөйлесуді ұмытты"

2 806 просмотра

Еуразиялық медиафорум басшысының пікірінше, шенеуніктер адамдармен қарапайым, түсінікті тілде сөйлесуді ұмытты.

«Біздің биліктегі азаматтарымыздың істеп жатқан жұмысын қарапайым, түсінікті етіп жеткізетін журналистиканы дамыту қажет. Биліктегі шенеуніктер түсінікті тілде сөйлеуді ұмытты», - деді ол жұма күнгі брифингте.

Оның айтуынша, шенеуніктер сұхбат бергенде, олардың не айтқысы келгендігін түсіну қиын.

«Олар күрделі, шетел сөздерін өте жиі қолданады. Ал оларды қарапайым халық түсінбейді», - деп наразылық білдірді Д.Назарбаева.

Осы орайда мемлекеттік шенеунік пен қарапайым азаматтар арасында түсіністікті орнататын модератор (журналист) керек, деп атап өтті ол.

Дереккөз: kaztag.kz

13 қазан 2012, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.