Атырау, 18 желтоқсан 21:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Қамаулар мен ұстаулар талқыланған ЕҚЫҰ жиынына Қазақстан билігі қатыспады», «Түрмедегі Жәкішевке Тоқаев билігі рақымшылық жасай ма?», «Ұлттық сенім кеңесі халықпен диалог па, алдау ма?», «”Рыжий Алмаз” бен Қонаевтың кездесуі».

3 254 просмотра

AZATTYQ.ORG «Қамаулар мен ұстаулар талқыланған ЕҚЫҰ жиынына Қазақстан билігі қатыспады» - Шілденің 15-16 күндері Австрия астанасы Венада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адамзат өлшемдері бойынша қосымша жиынына Қазақстанның ресми орындары қатыспады. Құқық қорғаушылар жиында президент сайлауы қарсаңында және одан кейінгі күндердегі қамаулар мен ұстаулар талқыланғанын айтады.

«Денис Тен қайтқалы жыл өтсе де полиция "реформаланып" бітпеді» - Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің шабуылдан қаза тапқанына бір жыл толған кезде ішкі істер министрлігін реформалау қажеттігі туралы талқылау әлі басылған жоқ. Кезінде «әрекетсіздігі» үшін сыналған полиция қызметінде не өзгерді?

CAMONITOR.KZ. «Егер билікке қазақ ұлтшылдары келсе, Қазақстан қандай болады?» - Қазақ ұлтшылдары жиі өздеріне қарама-қайшы келеді: бір жағынан, олар белсенді түрде тоталитарлық өткеннің мұрасынан арылуды қолдайды, ал екінші жағынан, әлеуметтік игіліктерді бөлудің (көп балалы жанұяларға тегін пәтерлер беру, жәрдемақылар мен т.б. тарату) кеңестік принциптерін және ұлтшылдыққа байланысты проблемаларды, атап айтқанда, тілдік мәселерді шешудегі большевиктердің әдістерін қолдайды. Популистік ұрандар деңгейінде мұндай дуализм онша қауіпті емес, бірақ, егер бұл адамдар кенеттен билікке келсе, ол қандай көрініс алатын болады? Ал мұндай нұсқаны жоққа шығаруға болмайды – себебі қазақ халқының үлесі тез өсіп келе жатыр және кейбір болжамдар бойынша, бірнеше онжылдықтан кейін 80-85 процентке жетеді.

ABAI.KZ. «Түрмедегі Жәкішевке Тоқаев билігі рақымшылық жасай ма?» - Тұп-тура бес күннен соң, Семей сотында «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы, ұзақ мерзімге сотталған Мұхтар Жәкішевті уақытынан бұрын бостандыққа шығару туралы сот отырысы өтеді екен. Әлеуметтік желіге осы ауандағы ақпар тарады. Мурат Мухамеджанов дейтін азамат өзінің «Facebook» желісіндегі жеке парақшасында жазды. Ондағы ақпаратқа сенсек, Жәкішев ісі Семей сотында, 24 шілде күні қаралады екен.

«”Кому нужен какой-то хан”» немесе Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы қалай бекітілді?» - Жер бетінде өз тамырын өзі балталайтын ел болса – ол біз шығармыз...

QAMSHY.KZ. «”Рыжий Алмаз” бен Қонаевтың кездесуі: қазақтың қос жанашыры не туралы сөйлесті?» - Атышулы 90-жылдар туралы екінің бірі біледі. Кейбірі Несіпбай Нәсенов, Бақыткелді, Сабыр бастаған қылмыстық топтарды «шибөрі» деп тіл тигізсе, енді бір легі «азаматтың нары ед, елдің қалқаны еді» деп еске алады. Қылмыстық топтың серкелері туралы ақпараттарды сараптай келе бұл жігіттердің табан астында тапталған халыққа, ақысы кетіп желінген панасызға жел өтіндегі алып қалқан іспетті қасқорлық көрсеткеніне көз жеткіземіз.

QAZAQTIMES.COM. «Ұлттық сенім кеңесі халықпен диалог па, алдау ма?» - Жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы мен жұмыс тәртібін бекітті. Осыдан кейін әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде аталмыш бастама қызу талқыланып, түрлі пікірлер айтылуда. Бүгін біз аталмыш мәселеге байланысты танымал адвокат Абзал Құспан, азаматтық белсенді Белла Орынбет және журналист Мәди Манатбектің пікірін білдік. 


19 шілде 2019, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.