AZATTYQ.ORG «Ұлттық кеңестен қандай үміт күтуге болады?» - Азаттық тікелей эфирде кеше құрамы жарияланған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы мәселені талқылап жатыр. Студия қонақтары - журналист, азаматтық белсенді Жанболат Мамай және қоғамдық кеңес құрамына кірген азамат, баспагер Бақытжан Бұқарбай.
«Путин көрші елдер тарихын неге жоққа шығарады?» - Саяси сарапшылар Ресей президенті Владимир Путиннің соңғы бір жарым айда жасаған мәлімдемелерін тарихты өзінше бағалау емес, Кремльдің геосаяси мүддесін алға тарту деп таниды. Олар мұның астарында постсоветтік елдерге, оның ішінде Қазақстанға келетін қауіп барын айтады.
«"Кеңес құрамына кіргендердің өзіне халық сенбейді". Әлеуметтік желідегі реакция» - Әлеуметтік желі қолданушылары кешеден бері Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамын талқылап жатыр. Бірі "кеңес құрамына кіргендердің өзі халық сеніміне мұқтаж" десе, бірі "әуелі жұмыс істесін, сосын баға берелік" деп асығыс пікір айтпауға шақырды.
«"Шаңырақ ісі" көмескі тартса да екі азамат әлі түрмеде отыр» - Алматыдағы "Шаңырақ оқиғасынан" бері 13 жыл өтсе де, осы іс бойынша ұзақ мерзімге сотталған Арон Атабек пен Құрманғазы Өтегенов әлі де түрмеден шықпады. Екеуі де қазір Павлодардағы уақытша қамау абақтысында отыр.
«Қазақстанның көршілері мен одақтастары Шыңжаңдағы саясатты неге қолдады?» - Бірер күн бұрын 37 елдің БҰҰ-дағы елшілері осы ұйымның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеді. Олардың қатарында Ресей, Сауд Арабиясы, Беларусь, Тәжікстан, Түркіменстан бар. Қазақстандық және халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, кейбір елдер экономикалық пайда мен геосаяси серіктестік үшін Қытайды қолдап отыр.
INFORMBURO.KZ. «Халықтың несие қарызы тағы көбейді. "Несиелерді кешіру" туралы жарлық банк дағдарысын ушықтыруы мүмкін» - Былтыр банктердің берген несиелері азайып кеткенде Үкімет экономиканы несиелеуді қайта күшейту үшін бірқатар шараны қолға алды. Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінген қаражаттан бизнесті қаржыландырып отырған Үкімет бизнесті несиелеуді қайта көбейтсе, биыл мамырда теңгемен берілген қарыздың жылдық үстемақысы өткен жылғы мамырдағы 12,5%-дан 11,9%-ға түсті. Нәтижесінде бизнес те, қарапайым халық та кредит алуды қайта күшейтті.
«Жаңадан салынып жатқан үйден пәтер сатып алғым келеді. Алданып қалмаудың қандай жолдары бар?» - Арманыңыздағы пәтерді сатып алу кезінде үлескерлерге алданып қалмаудың қандай жолдары бар? Өзіңізді барынша сақтандырып, жинақ ақшаңызды сенімді компанияға қалай тапсыруға болады? Үйдің салатын компанияны таңдағанда неге назар аудару керектігін айтайық.
QAZAQTIMES.COM. «Атамбаев Ақаев пен Бакиев тағдырын қайталай ма?» -Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев Ақаев пен Бакиев тағдырын қайталай ма? Бірнеше күннен бері Қырғызстан қоғамы Алмазбек Атамбаевтың елден кетуін талқылауда. Бірі «Атамбаев Ақаев пен Бакиевтің жолымен Ресейге кетпек» десе, енді бірі «экс-президент Қырғызстаннан ешқайда кетпейді» деген пікірде.