Атырау, 26 желтоқсан 01:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

ҚР Бас әскери прокуратурасы Владислав Челахтың өзіне-өзі қол салмақ болғанын растады

2 182 просмотра

2012 жылғы 11 қазанда 16 сағат шамасында ЛА-155/16 мекемесінің ішкі пост күзетшісі қамауда ұстау камераларын кезекті тексеру барысында қамауға алынған В.В.Челахтың спорттық шалбарын терезе торына байлау арқылы өзін-өзі асу әрекетін көрсеткенін байқаған. Мекеме әкімшілігімен алдын алу шаралары қабылданды.

Бұл дерек Алматы облысы Ішкі істер департаментінің Арыздарды және ақпараттарды тіркеу кітабында өз-өзіне қол жұмсау әрекеті ретінде тіркелді, қазіргі уақытта департамент қызметкерлері тексеру шараларын өткізуде.

Қарау барысында В.В. Челахтың денесінде жарақаттар байқалмады, денсаулығы қанағаттанарлық және ол белгіленген тізбеге сәйкес іс материалдарымен танысуды жалғастыруда.

Дереккөз: bap.prokuror.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 қазан 2012, 23:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.