Атырау, 27 қараша 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ мигранттарға баспана беру шарттарын қатаңдатты

1 959 просмотра

АҚШ пен Мексика шекарасында қойылған дуал маңында тұрған мигрант. Көрнекі сурет.

АҚШ-тың әділет және ішкі қауіпсіздік министрліктері мигранттарға баспана берудің жаңа ережелерін белгіледі. Енді оңтүстік шекарадан өткен мигранттардың оған дейін өзге ел территориясынан өткені анықталса – пана берілмейді. Бұл өзгерістер 16 шілдеде күшіне енеді.

«Орталық Америка мен Мексиканы кесіп өтетін көп шетелдіктер сол елдерден баспана сұрамайды, өйткені олар АҚШ-та тұруды қалайды»,- делінген Федералды реестрда жарияланған құжатта.

АҚШ әділет министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы иммиграциялық соттарға 162 мың мигранттан баспана сұрап, жазған арыз түскен. Бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 270 пайызға көп. Соттарда әлі мұндай 400 мыңнан аса іс жатыр.

Жексенбі, 14 шілдеде АҚШ аумағында жүрген заңсыз мигранттарды анықтау үшін иммиграциялық және кедендік полиция (ICE) рейд жүргізді.

Дереккөз: azattyq.org 

16 шілде 2019, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.