Атырау, 27 шілде 05:51
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Атырау облыстық ІІД-гі тағайындаулар

6 590 просмотра

Облыстық ІІД баспасөз қызметінде хабарланғандай, ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық ішкі істер жүйесінде тағайындаулар орын алды.  

Атырау облыстық жол полициясы басқармасының бастығы боп подполковник Оспанов Мұхаметжан Ақайұлы тағайындалды.

Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы боп полковник Үмбетқалиев Қамза Бақтығалиұлы тағайындалды.

ІІД кадрлармен жұмыс басқармасының бастығы боп полковник Лұқманов Болат Камелұлы тағайындалды.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы боп полковник Оразбаев Нұрхат Кенжебайұлы тағайындалды.

ІІД балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің (су полициясы) бастығы боп полковник Шалқаров Асан Сатыбалдыұлы тағайындалды.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы боп полковник Әміров Әбілсейіт Ибрагимұлы тағайындалды.

Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы боп подполковник Досмағұлов Ерболат Бисенбайұлы тағайындалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 қазан 2012, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.