Атырау, 25 қараша 00:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Kcell-дің үнсіздігі (жаңартылды)

1 804 просмотра

12 қазанда тура тал түсте Атырауда kcell абонементтерінің телефондары үнсіз қалды. 

Абоненттер қоңырау шалған Алматыдағы тегін ақпараттық kcell қызметінің операторлары қазіргі уақытта жүйеде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Алайда оның қашан аяқталатынын атай алмады. Түстен кейін компанияның Атырау филиалындағылар байланыстың екі сағаттан кейін іске қосылатынын айтып үміттендіріп қойған еді.Ал байланыс тек сағат 17.25-те ғана іске қосылды.

- Компания біздің жаңа техникалық кеңсемізге жабдықтарды орналастыру процесін жүргізуде. Жабдықтардың бір бөлігі әзірге ескі ғимаратта орналасқан. Кеңселер арасында оптикалық-талшықты желі жүргізілген. 12 қазанда кеңселер арасындағы сигналдар өшіп қалды,- дейді Кcell компаниясының Атырау филиалының басшысы Саламат ЕСМАҒАМБЕТОВ. – Шұғыл арада проблеманы шешу үшін жабдықтардың қуатын арттырдық. Алайда негізгі себебі толығымен анықталған жоқ, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Күрделі жабдықтармен жұмыс жасау кезінде, тіпті желі ахуалының мониторинг жүйесі болса да, техникалық ақауларды толықтай жою мүмкін емес.

Ол сондай-ақ, компанияның қолайсыздықтар үшін абоненттерден кешірім сұрайтынын, Kcell өз клиенттері үшін тегін сөйлесу минуттарын немесе смс-тер түрінде материалдық өтем дайындау мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

Біздің дереккөздеріміз хабарлағандай, мұндай апат Батыс Қазақстанның басқа да қалаларында: Оралда, Ақтөбеде және Ақтауда да болыпты. Бірақ оларда қысқа мерзімді ақау орын алып, кемшіліктер шұғыл түрде жойылған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

17 қазан 2012, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.