Атырау, 19 сәуір 17:46
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары ауысты

2 796 просмотра

АСТАНА, 12 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. Белгілі ақын, публицист Қазыбек Иса Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлады «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі.

«Ақ жол» партиясының жуырда болған Орталық кеңесінің отырысында бірқатар ұйымдастырушылық шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, белгілі ақын Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары болып, ал партия төрағасының орынбасары, «Ақ жол» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Анарбек Орман Орталық кеңес Президиумының құрамына сайланды», делінген партияның хабарламасында.

Орталық кеңес Талғат Әбдіжаппаровтың партия төрағасының орынбасары өкілеттігін тапсыруы туралы арызын қанағаттандырды. 

Сонымен қатар, Орталық кеңес мүшелері «Алаш» қозғалысының 95 жылдығына орай «ХХI ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» тақырыбында конференция өткізу туралы президиум бастамасын қолдады. Конференция осы жылдың қараша айында Астана қаласында өтеді деп шешілді.

Анарбек Орман «Ақ жол» партиясының Парламенттегі фракциясының заң шығарушылық қызметі бойынша ұсыныстарын айтты. Орталық кеңес фракцияға  ұсыныстарды қарауды және оларды алдағы заң шығарушылық қызметте пайдалануды тапсырды.

Отырыста сондай-ақ партияның орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының өзара әрекеттестігінің ағымдық мәселелері талқыланды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

12 қазан 2012, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.