Атырау, 20 шілде 23:38
Таңертең ашық+32, күндіз +33
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.39  € 431.71  P 6.11

Зеленский Чернобыльді туристік аймақ деп таныды

11 шілде 09:20


Украина президенті Владимир Зеленский Чернобыль аумағына туристерге еркін қатынауға мүмкіндік беретін қаулыға қол қойды.

Бұл туралы президент жарылыс болған Чернобыль атом электр станциясының үстіне салынған жаңа саркофагты ашу рәсімінде айтты.

Зеленский "Бұл қаулым оқшау жатқан аймақты Украина дамуының бастауы болатындай етіп түрлендіреді. Жемқорлыққа итермелейтін, ақылға қонбайтын тыйымдар алынып тасталады" деді. Президент сөзінше, "енді Чернобыль инвестиция мен болашағы зор Украина азаттығының символына айналады".

2019 жылы мамырда америкалық HBО телеарнасы атом станциясындағы апат туралы баяндайтын "Чернобыль" сериалын шығарды. IMDb сайты қолданушыларының бағасымен сериал тарихтағы ең мықты 250 сериал тізімінде бірінші орынға шықты. Фильмнен соң Украинадағы апат орнын көруге келген туристер саны күрт өскен.

1986 жылы 26 сәуірге қараған түні Чернобыль атом электр станциясының төртінші энергетикалық блогында жарылыс болып, Еуропаның 200 мың шаршы шақырым жері радиоактивті заттармен ластанды. Бұл негізінен Украина, Беларусь және Ресей аумақтары.

Мыңдаған адам зардап шекті. Айналаға жалпы қуаты шамамен 50 миллион кюриді құрайтын радиоактивті заттар тараған. Бұл ғалымдардың есептеуінше, Жапонияның Хиросима қаласына 500 рет тасталған атом бомбасының салдарына пара-пар. Мамандар Чернобыль апатын әлемдегі ең ірі апаттар қатарына жатқызады.

1986-1992 жылдар аралығында Қазақстаннан 35 мыңнан астам адам Чернобыль апат салдарын жоюға жіберілген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

382 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4

Последние новости