Алматы облысында қолданыстан шығып қалған заттардан ерекше көлік құрап шыққан өнертапқыштың еңбегі еленіп жатыр.
Ауыл тұрғыны Саят Ысқақбаев өз темір тұлпарын арнайы құрал-саймансыз-ақ, қолдан құрастырып шыққан. Лепсі ауылының тұрғыны Саят Ысқақбаев жарамсыз болып қалған құралдардан құрастырған көлігінің ерекшелігі жазда шөп шабады, ал қыста қар тазалай алады.
Тіпті, жер астынан су шығаратын арнайы қондырғысы бар. Темір тұлпарды жасап шығуға ұшақ пен екі дөңгелекті көліктің де бөлшектерін қолданыпты. Енді өнертепқыш қаржы бөлінсе, көліктің өзге де түрлерін жандандыруды жоспарлап отыр.
САЯТ ЫСҚАҚБАЕВ, құрастырушы:
- Негізі, көлікті өзеннен су тарту үшін құрастырдым. Бірақ кейін оған қоса шөп шабу үшін де пайдаландым. Қыста қар тазалайды. Бұл көлікте велосипедтің де, ұшақтың да бөлшектері кездеседі. Өндіріске бұл көлікте жіберсе, көп адамға пайдасын әкелер еді.
Дереккөз: nur.kz