Атырау, 17 қыркүйек 07:37
 дождьВ Атырау +19.3
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

​Сауд Арабиясы ханшайымы сантехникке зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды

3 110 рет қаралды


Сауд Арабиясында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның әпкесі Хасса бинт Салман сантехникке зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұл оқиға 2016 жылы Францияда болған. Тергеу мәліметінше, ханшайымның оққағары бірнеше сағат бойы сантехникті ұрып-соғып, тізерлеп отырғызып, ханшайымның аяғын сүюге мәжбүрлеген. Ханшайым Хасса бинт Салманның айтуынша, ер адам оны және Париждегі пәтерін рұқсатсыз ұялы телефонына түсірген. 

Ал мемлекеттік айыптаушылар ханшайымның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады. Сол себепті прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл салуды талап етіп отыр. Ал ханшайымның оққағарын шартты түрде сегіз айға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл талап етілгені айтылады.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 шілде 2019, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.