Атырау, 26 желтоқсан 01:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Түркия Қазақстанда фармацевтикалық зауыт салуға қаржы салады

2 243 просмотра

«Ертең Ыстамбұлда бірнеше миллиондық келісімшарттарға қол қойылатын бизнес-форум өтеді, бұл біздің ортақ инвестициямыз. Атап айтқанда, фармацевтикалық саланы дамыту мен зауыттар құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінде Қазақстан жыл сайын 700-800 млн доллардың дәрі-дәрмегін шетелдерден алады, сондықтан фармацевтикалық зауыттар ашу импорттың азаюына ықпал етеді», деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар елбасы құрылыс саласы мен құрылыс материалдары, өңдеу саласы, каустик содасы зауыты құрылысы туралы мәселе қаралғанын да хабарлады.

«Қазір Қазақстанның Түркия экономикасына, оның ішінде банк жүйесіне, жылжымайтын мүлік нарығына инвестиция салуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Түркияда бизнес ашуға үш-ақ құжат қажет, бірақ оларды жинау кететін уақыт біздің елімізбен пара пар. Бізге қағазбастылық пен әкімшілік кедергілерді азайту бағытында жұмысты одан әрі жалғастыру керек», деді Мемлекет басшысы.

 Дереккөз: bnews.kz

12 қазан 2012, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.