AZATTYQ.ORG «"Дипломмен – ауылға" барған жастар не халде?» - Ұлттық экономика министрлігі 2009 жылдан бастап қолға алынған «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерге баратын мамандар саны артып келе жатқанын айтады. Ал кейбір жас маман мен сарапшы бұл үрдісті шарасыздың амалы деп біледі
«Сирияда соғысқан ресейліктер Асад амнистиясына ілінгісі келеді» - Ресей Сирия президенті Башар Асадқа қарсы соғысқан ресейліктерге рақымшылық жасаудан бас тартты. Асадтың өзі бұған дейін өзіне қарсы күрескендерге амнистия жариялап, "кешірген". Сириядағы қақтығысқа қатысқаны үшін сотталған кейбір ресейліктер сотқа шағым түсірді.
«Арыста ері қаза тапқан жаралы жесір көмекке зәру» - Арыста қару-жарақ қоймасы жарылған кезде мерт болған Панабек Есмағамбетовтің жесірі Жұпар Есмағамбетова «үкіметтің салғырттығын» кінәлап, әлеуметтік жәрдем сұрайды.
QAMSHY.KZ. «Назарбаевтар әулетін масқаралағасы келмеген беймәлім адам Айсұлтан Назарбаевтың ісін жылы жауып қоюды ұсынған» - 28 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересіне қатысты сот отырысы ашық түрде өтуде.
«Назарбаева сенаторларға: Адам болыңдар!» - Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен парламент сенатының бюро отырысы өтті
QAZAQTIMES.COM. «Мэй Путиннен «жалған саясатты» тоқтатуды талап етті» -Жапонияның Осака қаласында өткен кездесу барысында Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ресей президенті Владимир Путинге қарата «Ресей Ұлыбритания мен оның одақтастарына қауіп төндіруге бағытталған қызметін тоқтатқанға дейін екіжақты қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру мүмкін емес», – деп, «жалған саясатты» тоқтатуын талап етті.