Атырау, 11 желтоқсан 21:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Наубайханашылар ұн сұрайды

2 271 просмотра

Бүгін, 11 қазанда қалалық әкімдікке атыраулық наубайхана қызметкерлерінің делегациясы аяқ басыпты.

Наубайханашылар қалаға әлеуметтік нан (ақ бөлке нан) пісіруге арналған ұнды әкелу тоқтатылғандығына наразы болып отыр. Оларға шикізатты нарықтық баға бойынша сатып алып, шығынмен жұмыс істеуге тура келеді екен.

Делегаттарды қабылдаған қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Қадырғали ТҰРҒАНОВ қостанайлық «Ақбидай» ұн тарту комбинатының 2 апта бұрын бірінші сұрыпты ұнды жеткізуді уақытша тоқтатқанын хабарлады.

Атырауға қостанайлық ұн тартушылар ұнды облыстық әкімдікпен жасалған мемрорандумға сәйкес келісін 47 теңгеден жеткізеді. Көлік шығындарымен есептегенде ол 49 теңгеден сатылады. 500 граммдық бөлке нанды пісіріп, халыққа 45 теңгеден сату үшін осы жеткілікті.

- Атырау қаласының әлеуметтік нан дайындауға арналған ұнға сұранысы айына 291 тонна құрайды. Бүгін таңертең Ақжайық стансасына «Ақбидайдан» 64 тонна ұн тиелген бір вагон келіп, жүк бірден түсірілуге қойылды. Тағы бір вагон Мақат маңында, Атырауға кешке қарай келеді. Проблема шешілді, - деп хабарлады Қ. Тұрғанов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қазан 2012, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.