Атырау, 29 қараша 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ұрысқа «қарттар» аттанды

3 158 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет6 қазанда «Мұнайшы» спорт кешенінде Қазақстан бокс федерациясы кубогінің 1/8 финалының аясында Атырау және Батыс Қазақстан облыстары құрамаларының арасында матчтық кездесу өтті.

Кубок үшінші рет өткізіліп отыр. Біздің облысымыздың құрама командасы бұған дейін өткен екі кездесуде де финалдың 1/8 сатысында (2010 жылы – батыс қазақстандықтарды және 2011 жылы – ақтөбеліктерді) жеңіске жеткен болатын, алайда, келесі айналымда маңғыстаулықтарға жол берді.

Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирдің 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегілер арасында болған алғашқы жекпе-жекте оралдық Мейрамбек Мәжитов және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Рашид Салауатов бақ сынады. Жаттықтырушы Дмитрий Смороговтың тәрбиеленушісі рингте басым түсіп, 19:11 соққы есебімен жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.

52 келіге дейінгі салмақ бойынша алаңға шыққан Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушы Сәрсенбай Торғаевтың тәрбиеленушісі Жасұлан Молдашев та оралдық боксшы Сақтық Мұлдашевпен болған жекпе-жекте өзін сенімді көрсете білді. Соққы есебі – 6:3 болды. Бұл жекпе-жектегі қол жеткізген соққылар айырмашылығы 6:3 құрады.

Ал, 56 келіге дейінгі салмақта 18 жастағы құлсарылық Ержан Ордабаев Атырау облысының пайдасына 3:0 есеппен ұпай қосты. Ол барынша тәжірибелі оралдық Ерсайын Досқалиевпен болған жекпе-жекте асып-саспай, табандылық танытты. Жекпе-жекті 24:13 есеппен аяқтады.

Облыстың аға жаттықтырушысы Е.Бисекеновке матчқа қатысу үшін құрамаға тәжірибелі және ересек спортшыларды шақыруға тура келді. Спорт шебері Ерболат Дәулетбаев үлкен спорттан кетіп, жаттықтырушылық қызметпен айналыса бастады. Ақыры ол да алаңға шығып, 60 келіге дейінгі салмақ бойынша Ермек Айтмұхамбетовты 18:7 есебімен ұтып кетті.

Тағы бір атыраулық ардагер, қазіргі жаттықтырушы Азамат Досмағамбетов 64 келіге дейінгі салмақ бойынша Бақыт Қонарбаевқа қарсы шықты. Ол жекпе-жекті барлаусыз бастап, алаң қожайыны кім екендігін көрсетті. Соққы есебі -18:4 болды.

69 келіге дейінгі салмақта оралдық Аслан Есеновке қарсы Жасұлан Қапаров шықты. Өткен жылы ол Бакуде өткен халықаралық турнирде күміс медальмен бірге өз жекпе-жектерін уақытынан бұрын аяқтағандығы үшін арнаулы жүлдеге ие болған еді. Бұл жекпе-жекте нокаут болған жоқ, дегенмен, біздің боксшымыздың басым түскені байқалды, есеп -18:8.

Жалпы есеп бойынша 6:0 болып, матч тағдыры біздің пайдамызға шешіліп жатқан кезде рингке 75 келіге дейінгі салмақ бойынша ең жасы үлкен атыраулық боксшы, 33 жасар Омар Марабаев көтерілді. Ол 18 жастағы оралдық Асқарбек Өтепбергеновке есесін жіберіп алды, есеп 6:11 болды. Келесі 81 келіге дейінгі салмақ бойынша өткен жекпе-жекте Исатай ауданының жас боксшысы Равхат Қабдрашев Бауыржан Каримовтен жеңіліп қалды. 91 келіге дейінгі салмақ бойынша оралдық Тілек Қозбақовқа қарсы біздің облыс құрамасының тағы бір мүшесі, қазіргі жаттықтырушы Айдос Даулетов шығу керек болатын. Бірақ, ол рингке шыққан жоқ.

Ауыр салмақтағылар арасында болған соңғы жекпе-жек кештің сәніне айналды. Қазақстан чемпионы Дастан Құрманбековпен және А.Құлыбаев жүлдесі үшін өткізілген халықаралық турнирдің жеңімпазы Руслан Ақмолдашевтың жекпе-жегі екі соққыға ғана айырмамен (10:8) тең болды. Біздің Дастан жеңіске жетті.

Сонымен, Атырау облысының құрамасы ҚБФ кубогінің 1/4финалына шықты, онда олар өздерінің негізгі қарсыластары - Маңғыстау облысының құрамасымен кездеседі. Матч 13 қазанда Жаңаөзенде өтеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қазан 2012, 21:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.