Атырау, 29 қараша 06:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қылмыстық хроника

2 030 просмотра

3 қазанда Жұмыскердегі үйлердің бірінің ауласындағы сарай жанып кетті. Тілсіз жау ТЖД өрт жасағының екі тобының араласуымен өшірілді. Өрт орнынан 55 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

***

3 қазанда Атырау-Дамбы тас жолында бекіре зауыты ауданында жол және су полициясы қызметкерлері 40 жастағы Дамбы селосының тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-21703 автокөлігін тоқтатып, көліктің жүк салғышынан 42 келі бекіре балығын тапқан.

***

3 қазанда қаланың 23 жасар тұрғыны қалалық ІІБ ықшам ауданындағы ТКС жанын белгісіз біреудің зақымдаушы тапаншамен аяғына атқандығын мәлімдеген. Күдікті адам ұсталды.

***

4 қазанға қараған түні Жайық жағалауында Рембаза ауданында су полициясының қызметкерлері «Тойота-Сюрф» автокөлігін ұстаған. Көліктің рөлінде 27 жастағы қала тұрғыны болған. Жүк салғыштан 111 келі бекіре балығы шыққан.

***

4 қазанда 35 жастағы атыраулықтан қалалық ІІБ шағым түскен. Ол өткен жылы өзінің 43 жастағы танысының алаяқтық жолмен 400 мың теңгесін алып, қайтармай жүргендігін мәлімдеген. Оған қатысты тергеу жүргізілуде.

***

5 қазанда «Тамаша» әмбебап дүкенінің директоры полицияға балалар бутигінен 196 мың теңгенің заты ұрланғандығын хабарлаған. Полицейлер күдіктіні, бұрын сотталған 18 жастағы қала тұрғынын қолға түсірген.

***

7 қазанда күндіз Алмагүл ықшам ауданындағы полиция бөлімшесіне қаланың 24 жастағы тұрғыны хабарласқан: сол күні бірнеше минут бұрын «Дина» базарында екі белгісіз адам оның ішінде 8 мың теңгесі бар сөмкесін ұрлап кеткен. Полицейлер екі күдіктіні қолға түсірген, олардың бірі 53 жастағы Индер ауданының, екіншісі 55 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны болып шықты.

***

7 қазанда таңертең Ақтоғай селосының 54 жастағы тұрғыны Махамбет аудандық ІІБ-не түнде өзінің сарайынан 4 қойының ұрланғандығына шағымданған. Тергеу жүргізілуде.

***

7 қазанда түнгі сағат 2-де Атырау-Орал тас жолында Бейбарыс селосының маңында 43 жастағы Өзбекстанның азаматының басқаруындағы «Москвич-2141» автокөлігі сиырға соғысқан. Машина алдымен төңкеріліп, артынша жанып кеткен.Апат салдарынан көліктегі 39 жастағы жолаушы сол жерде жан тапсырды, ал 37 жастағы екінші жолаушы ауруханаға жеткізілген.

***

Жылыой АІІБ-не 9 қазанда Құлсары қаласының тұрғыны шағымданған. Өткен жылдың тамызында оның танысы сенімін пайдаланып, одан 1,5 млн теңге алып, қайтармаған. Күдікті ұсталып, қолхатпен босатылды.

10 қазан 2012, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.