Атырау, 27 желтоқсан 02:15
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Электронды жүйеге көшпек

6 867 просмотра

Махамбет ауданы Ортақшыл ауылындағы Қосарал орта мектебі оқу жылын жағымды жаңалығымен бастап отыр. Оқушылар биылдан бастап электронды оқыту жүйесіне көшеді.

- Барлық кабинеттер, сыныптар компьютерленеді. Журнал, күнделік толтыру, бағалау, оқу бағдарламалары, барлық құжатталу, кітапхана қоры электронды түрде жүргізіледі. Жаңа жүйеге көшу үшін қаражат бөлініп тұр, тек соған қажетті жабдықтарды күтіп отырмыз. Әрине, дәптерлер мен кітаптарды мүлдем сызып тастаймыз деген сөз емес бұл, оларды пайдаланамыз, - дейді мектеп директоры Гүлнәр ЖАЙЛАШЕВА.

Бір айтып өтетіні, биыл бұл мектеп жөндеуден өткен жоқ. Директордың айтуынша, бұл жұмыстар 2013 жылы жүргізіледі делініп отыр. Ал мектеп 1980 жылы пайдалануға берілген болатын.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

10 қазан 2012, 21:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.