Атырау, 29 желтоқсан 07:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Паромның орнына көпір болады

7 985 просмотра

Есбол селолық округінің әкімі Самат ЖАЙЛАШЕВТЫҢ айтуынша, 2013 жылдың бюджет жоспарына Махамбет ауданы орталығы мен сол жақ жағалаудағы 3 ауылды – Ортақшыл, Есбол және Еңбекшіл ауылдарын Жайық өзені арқылы жалғайтын көпір салынады.

- Бұл көптен күткен жаңалықты біз 1 қыркүйек күні Есбол ауылындағы мектептің алғашқы қоңырауына қатысқан облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЕН естідік. Себебі, көпір қажеттігі көп жылдан бері айтылды және сөз жүзінде қалып келді. Ал енді бұл шынымен де, қолға алынатын секілді, - дейді С.Жайлашев.

Ал қазір мұнда таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейінгі уақыт кестесі бойынша паром жұмыс істеп тұр. Паромшылар қараңғыда тасымалдауға қауіпсіздік ережелеріне сәйкес рұқсат жоқтығын айтады. Бірақ, Ортақшыл ауылының тұрғындары паромның кешкі 8-ден кейін той-томалақ және тағы басқа жиындарда алдын-ала тапсырыс беріп қоямыз да, өзенді түнде де кесіп өтеміз деп отыр.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

10 қазан 2012, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.