Атырау, 29 желтоқсан 01:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Нұрсая күте алмайды

1 592 просмотра

Нұрсая ықшам ауданында электр жарығының өшпейтін күні жоқ. 6 қазанда осындағы коттеджді қалашықта өшіп қалса, 7-де көп қабатты үйлердің 4-ші және 5-ші қабаттары Ильич шамынсыз қалды.

Қалалық электр желілері кәсіпорнының бас инженері Қуат СИСЕНҒАЛИЕВ бұл проблеманы өзіне қатысты деп есептемейді: өйткені, бұл ықшам аудандағы электр желілері «Қалалық тұрғын үй, коммуналды-шаруашылық, автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімі» ММ тиесілі көрінеді. Ал, бұл мекеменің басшысы Жұмабай ҚАРАҒАЕВҚА хабарласа алмадық. Шынында хабарласқанда тұрған ештеңе жоқ, бұл үнемі орын алып отыратын жағдай.

Электр жарығының тұрақсыздығына қатысты проблема, негізінен, салынып жатқан жаңа құрылыстарға қатысты. Оған биліктің алдымен бірнеше үйлер санына есептелген электр желісінің құрылысына қаржы бөлуді жоспарлауы, бірақ, шамадан тыс үйлердің салынып немесе мердігерлердің тиісті кабельді қуаттылығы төменіне ауыстыруы арқылы ұрлыққа баруы себеп болып жатады. Қысқасы, мұндағы ықшам аудан бастап салынған кезде орнатылған трансформаторлар және кабельдер ток қуатының ұлғаюын көтере алмай отыр. Әдетте, мұндай проблемалар адамдардың облыс әкіміне шағымдануының арқасында шешіліп жатады және қалалық әкімдік қосымша электр желілерінің құрылысына қаржы бөле бастайды. Мұндай жағдай 2008 жылы Алмагүл мөлтек ауданында да орын алды.

Нұрсаяда әкімнің қабылдауына баратын ақсақалдар тізімі жасақталуда. Оларға ұрлыққа қатысты тергеу жүргізіліп жатқандығын, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалып жатқандығына байланысты күте тұрыңыздар деп жауап беруі мүмкін.

Бірақ, оны күтетін уақыт жоқ. Нұрсаяда жаңа қоныстанған үйлер саны елуден асады және бірнеше ондаған үйлер салынып жатыр. Ықшам аудан ЖЭО-мен жылытылмайды, шағын бу қазандарымен жылытылады. Қыстың күндері оны үздіксіз электрмен жабдықтауға тура келеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қазан 2012, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.