Атырау, 2 мамыр 02:37
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«"Қалаймақан ақпарат". Ресми хабардағы қайшылық», «Белсенділер Көкжайлауды дамыту жобасын ұсынды»,«Сарапшылар Ұлы Отан соғысы туралы: генетикалық жады фальсификациялардан мықты», «Кімдердің қанша қарызы қандай мөлшерде кешіріледі?».

3 808 просмотра

AZATTYQ.ORG «Белсенділер Көкжайлауды дамыту жобасын ұсынды» - «Көкжайлауды қорғайық» бастамашылар тобы Алматы маңындағы тауларда орналасқан, ондаған жыл бойы жергілікті билік пен қоғам белсенділері арасындағы дауға себеп болып келген шатқалды дамыту жобасын қолға алған. Маусымның 25-і күні экобелсенділер Алматы әкімдігі ұсынған жобадан бөлек, өздері дайындаған нұсқаны қоғамдық талқылауға шығарды.

«"Қалаймақан ақпарат". Ресми хабардағы қайшылық» - Елдегі төтенше оқиғалар кезінде үкіметтің әрқилы хабар таратуын кейбір сарапшылар "билік транзиті" кезінде біртұтас ақпарат стратегиясының қожырауы деп тұспалдайды.

CAMONITOR.KZ. «Сарапшылар Ұлы Отан соғысы туралы: генетикалық жады фальсификациялардан мықты» - Ұлы Отан соғысы туралы естелік халықты біріктіретін, қоғамдық келісімді сақтауға жұмыс істейтін фактор ретінде қала ма? Ол осылай болу үшін, ҰОС тарихын бұрмалауға тырысатындарға қарсы тұру қажет. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Жас ұрпаққа сол соғыс туралы барлық шындықты жеткізе отырып, бейбіт өмірді бағалауды қалай үйрету керек? ҰОС-ның қатысушылары мен куәгерлердің өте аз саны қалған жағдайда, кеңес халқының ерлігі жөніндегі естелікті сақтап қалу үшін, біздің әрқайсымыз не істеуіміз керек?

«Ұжымдық әрекетсіздіқ. ШЫҰ және ҰҚШҰ-ға қалайша жаңаша серпін беруге болады?» - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) көп жағдайда ұқсас болып табылады: екі құрылым да Кеңестік социалистік республикалар одағы (КСРО) ыдырағаннан кейін құрылған болатын, олардың қатысушылары да бірдей, өз мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша функциялары да ұқсас, ортақ қауіптері (терроризм, экстремизм, есірткі трафигі, халықаралық ұйымдасқан қылмыс) және тіпті ұқсас кемшіліктері де бар. Кемшіліктер қатарына сарапшылар сыртқы қауіп-қатерлерді айтпағанда, ішкі қақтығыстарды шешу қабілетсіздігін жиі жатқызады.

INFORMBURO.KZ. «Кімдердің қанша қарызы қандай мөлшерде кешіріледі?» - Бір реткі мемлекеттік акция ретінде өтетін қарыз жеңілдігі кімдерге беріледі? 2019 жылы 26 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтіні Ақорда сайтында жарияланған.

«2 пайыздық ипотекамен баспананы кім, қалай сатып ала алады?» - Шілдеде Қазақстанда көпбалалы, толық емес, аз қамтылған отбасыларға арналған "Бақытты отбасы" деп аталатын жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында баспана сатып алуға несие бар болғаны жылдық 2%-бен беріледі. Бағдарлама операторы – Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі.


27 маусым 2019, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.