Атырау, 18 желтоқсан 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Жаңа Қазақстан" форумы неге тарады? Сарапшылар пікірі», «"Бейберекет тағайындау", "саналы сабақтастық". Бақылаушылар Тоқаевтың кадр саясаты жайлы», «Неліктен министрлердің ешқайсысы өз қарамағындағылары ұрлық жасағаны үшін отставкаға кетпеді?».

2 644 просмотра

AZATTYQ.ORG «"Жаңа Қазақстан" форумы неге тарады? Сарапшылар пікірі» - "Билікке қатысымыз жоқ" деген "Жаңа Қазақстан" форумы президент сайлауынан кейін тарады. Сарапшылар форумның өзі "президент сайлауында өз беделін өзі жоғалтты" деп санайды.

«Тізімдегі төртеу. Донбастағы ұшақ апатына күдіктілер» - Украинаның Донецк облысына құлаған малайзиялық Boeing ұшағының апатқа ұшырау себебін зерттеген бірлескен тергеу тобы алғаш рет Нидерланд билігі бастаған қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген төрт азаматтың аты-жөнін атады. Бұл мәлімдемеден бірнеше күн бұрын голландиялық БАҚ ұшақ апатына күдіктілердің тізімін жариялаған. Алайда тергеу тобы ұсынған толық тізім БАҚ-та жарияланған материалмен сәйкес келмейді.

«Билікті сынаған белсендінің психиатрлық ауруханадан кейінгі өмірі» - Сот шешімімен екі жылдан астам уақыт психиатрлық ауруханада күштеп ем алған 63 жастағы Наталья Уласик темір тор, құрсаулы төсек, укол мен аурухана бөлмелері жоқ өмірге қайта бейімделуге мәжбүр. Жалғыз адамдық пикеттерге шығып танылған белсенді әлі бірнеше жыл тіркеуде тұрмақ.

«"Бейберекет тағайындау", "саналы сабақтастық". Бақылаушылар Тоқаевтың кадр саясаты жайлы» - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маусымның 12-сінде өткен инаугурациясынан соң кадрларын тағайындай бастады. Сарапшылар Тоқаевтың қолы байлаулы екенін айтса да, жемқорлықпен күрес күшейер деп үміттенеді.

«Ақорда қоғаммен диалог орната ала ма?» - Қазақстан президенті "билік пен қоғам диалогын" дамыту мақсатымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Сарапшылар биліктің бұған дейінгі осыған ұқсас бастамалары аяқсыз қалғанын, диалог орнауы үшін шынайы саяси реформа қажет екенін айтады.

DALANEWS.KZ.  «Сарым: “Сайлау фейсбук пен шынайы өмірдің арасындағы алшақтықты көрсетті”» - Саясаттанушы Айдос Сарым сайлаудан кейін алғаш сұхбат беріп, Қосанов туралы көзқарасын, оппозиция туралы ойын және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысты пікірін ортаға салыпты.

«Елдің тілін, мінезін білмеген кісі көшбасын да алып жүре алмайды» - Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның ұстыны мен ұлағатын, өзектілігі мен өміршеңділігін жоғалтпаған бір шоғыр ойын назарларыңызға ұсынамыз.

CAMONITOR.KZ. «ҰҚСК-тің құрамына кімдер кіреді және ол қандай мәселелермен айналысады?» - Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде қызметке кірісіп, алғашқы маңызды қадам жасады, дәлірек айтқанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлық шығарды (ҰҚСК). Шындығын айтсақ, бұл мүлдем күтілмеген, бірақ, сонымен қатар, өте уақтылы жасалған қадам. Өйткені соңғы кезде билікке деген қоғамдық сенімі бізде өте төмен деңгейде. Соңғы күндері біз дәл осыны байқаған болатынбыз.

«Неліктен министрлердің ешқайсысы өз қарамағындағылары ұрлық жасағаны үшін отставкаға кетпеді?» - Қазақстанда он жыл бойы саяси мемлекеттік қызметкерлерді олардың қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапқа тартуға тырысып жатыр, бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Министрлер мен әкімдер өздерінің креслоларына жабысып қалғандары соншалық, тіпті кең тараған парақорлық пен оларға сеніп тапсырылған епархияларда бюджетті бөліп алу сияқты «ұсақ-түйек» нәрселер оларды сол орындарынан шығаруға мүмкіндік бермейді. Жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды өзгерте ала ма? Бұл өте үлкен мәселе.


21 маусым 2019, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.