Атырау, 26 желтоқсан 17:38
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Байшонас ауылының мазасы қашты

3 368 просмотра

5 қыркүйекте Мақат ауданына қарасты Байшонас, Ескене ауылының тұрғындарын көшіруге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, олардың 15 қарашадан бастап көшетіндігі жөнінде мәлімделген болатын. Алайда, Байшонас ауылының тұрғындары көшу мәселесіндегі кейбір жайттарға қатысты алаңдаушылықтарын білдіруде.

Редакцияға39 адамның қолы қойылған арыз хат келіп түсті. Қысқартылған мәтінін келтіріп отырмыз: «Біз бұл көшті ұзақ күткен едік. Өйткені ауылдың әлеуметтік, экономикалық жағдайы жылдан-жылға нашарлап бара жатыр. Біз көшкіміз келеді, бірақ, уайымымыз - көшіп, қоныстануға берілген уақыттың өте аздығы. Біз көшіп-қонып жүргенде қыс түсіп кетеді. Ал «Нұрсая» ықшам ауданынан берілетін үй барлық талаптарға сай бола ма - ол бөлек мәселе. Бізде көші-қонды 2013 жылдың мамырына дейін ұзартса деген тілек бар. Өйткені, ауылдағы үйлерімізді бұзып алуға, малымызды сатуға, басқа да заттарымызды өткізуге уақыт керек. 66 мектеп қызметкері,13 балабақша қызметкері жаңа жұмыс орнын қайдан табады? Әрі мұнайшылар вахталық әдіске 100 пайыз көшкен жоқ, 8 сағаттық жұмыспен жүр».

Тұрғындар бұл тілектеріне қоса, Байшонастағы жылу, су, электр энергиясын келесі жылдың жазына дейін айырмағанын қалап отыр. Ал селода бүгінде380 үй бар екенін еске саламыз.

- Комиссияның шешімі бойынша Ескене мен Байшонасты көшіру қарашада ұйғарылып отыр. Ескене тұрғындары көшуге дайын, ал Байшонас даяр емес. Сондықтан жылу қазанын қысқа әзірлеп қойғанбыз. Былтырғы қыста Ескене тұсындағы қатып қалған 15 шақырымдық су құбырын қайтадан жөндеудеміз , - дейді Мақат ауданы әкімі Амангелді БАРАҚАТОВ. - Ал көшкісі келгендер қазір-ақ облыс орталығындағы пәтерлеріне қоныстана береді. Мектеп, балабақша қызметкерлерінің жұмыссыз қалмайтынын айтқым келеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 қазан 2012, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.