Атырау, 26 желтоқсан 01:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ерімбетов «ҚазТрансОйл» акцияларын иемденгісі келеді

2 040 просмотра

"Самрұқ-Қазына" ҰӘҚ Әлеуметтік әріптестік орталығының жетекшісі Нұрлан Ерімбетов «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасын насихаттауға атсалысуда. «Егер мен ұлттық компания акцияларын сатып алсам, мұнай мен газды өзімдікі деп танып, оның ұрланбауына жол бермей, қорғаушы едім" - дейді саясаттанушы.

«Мен бағдарламаға қатысушы едім, бірақ бұл жүйені алдын ала тексеру үшін өз табыстарымның аз бөлігін салған болар едім. Бұл өзім үшін ғана емес, осы идеяны насихаттап, алға жылжытып жүргендер үшін де тексеру. Мен Қазақстан азаматы ретінде бұл істі қолдаймын. Бірақ, бастапқыда аз сома жұмсар едім, ал кейінгіні көре жатармыз. Мен тәуекелге бара алмаймын, өйткені табысым маған ондай мүмкіндік бермейді. Дегенмен, бәрібір байқап көруге болады» - деген Н. Ерімбетовтың пікірін Bnews.kz жариялады.

Сондай-ақ, саясаттанушы өзін «ҚазТрансОйл» акциялары қызықтыратынын айтты.

«Егер мен олардың акцияларын сатып алатын болсам, былайша айтқанда мұнай мен газды өзімдікі деп танып, оның ұрланбауына жол бермеуге тырысып, қорғаушы едім. Бұл компания сол үшін жасалған» - деп мәлімдеді саясаттанушы.

Әлеуметтік әріптестік орталығының басшысы «Халықтық IPO» бағдарламасын насихаттауға кірісуге уақыт жетті деп санайды.

Дереккөз: ult.kz

10 қазан 2012, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.