ZHASALASH.KZ. «Досым Сәтбаев: Билік сайлау нәтижесін бұрмалап, өзін-өзі алдады» - Саясаттанушы, Тәуекелдерді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтбаев сайлау мен онан кейінгі оқиғалар Қазақстан қоғамы өзгергенін көрсетті дейді. Әзірге елде наразылық танытып жүрген топтар әр алуан, олардың басы бірікпеген. Бірақ ерте ме, кеш пе, бұл топтардың басын біріктіретін көшбасшы шығады.
AZATTYQ.ORG «"30 жыл жиналған ашу-ыза". Белгілі адамдар халық наразылығы жайлы» - Қазақстан президенті сайлауы және одан кейін полиция мыңға жуық адамды ұстады. Бас прокуратура Нұр-Сұлтан мен Алматыда "заңсыз митингіге шыққан" 957 адам жазаланғанын хабарлады. Азаттық кейбір жазушы, ғалым, спорт және өнер адамдарының елдегі наразылық жайлы пікірін сұрады.
«Сайлаудың шынайы нәтижесі және "Қосановтың жеңісі"» - Осы аптада аймақ басылымдары маусымның 9-ы күні өткен кезектен тыс президент сайлауы туралы жазды. "Ақжайық" басылымы Атыраудағы сайлау учаскелерінің бірінде "комиссия төрайымының бюллетеньдерді алып қашып, тәуелсіз бақылаушылардың оны тоқтатпақ болғаны" жайлы оқиғаға тоқталды. Оралдағы сайлау учаскелерінің басым бөлігін бақылаған тәуелсіз бақылаушылар ресми нәтижемен келіспей отыр.
«Терроризм және Арал мәселесі. Душанбеде не талқыланды?» - 15 маусымда Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті өтті. Жиынға Қазақстан, Ауғанстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Ресей президенттері қатысты. Кеңеске мүше тағы 18 елден премьер-министрлер, вице премьер-министрлер және сыртқы істер министрлері келді. Бұл – кеңестің Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевсыз өткен алғашқы саммиті.
CAMONITOR.KZ. «Қазақ халқының басты кемшілігі – өзгелерге ұнағысы келетіні» - Біз бүгінгі күнмен өмір сүреміз, жаман нәрсені тез үйренеміз және тұрақсыздыққа бейімбіз. Осылайша өткен аптада сарапшылар біздің сұрақтарымызға жауап бере отырып, қазақтарға өркениетті және бәсекеге қабілетті ұлт болуға кедергі келтіретін жағымсыз қасиеттерді сипаттаған болатын. Осы тақырыптың жалғасы ретінде біз социо-антрополог, педагогика ғылымдарының кандидаты Евфрат Имамбекті әңгімеге шақырып, бізге арылу қажет деген жағымсыз кемшіліктеріміздің тізімін толықтыруды өтіндік.
DALANEWS.KZ. «Орта Азия. Бірігу үшін Батыстың жолымен жүру керек» - Орта Азия. Осы аймақтағы айналдырған 5 ел алдағы уақытта етене әріптесудің ұтымды амалдарын таба ма? Бес елдің мүддесі тоқайласқан ортақ мәселелерді ойласа шешетін мезгіл жетті. Ал бұл тарапта кесе көлденең жатқан қандай кедергілер бар? Олардың түйінін тарқатудың тиімді әдіс-тәсілдері табыла ма?
«Қосанов? Қараңғы орта Ахмет Байтұрсынды да жермен-жексен еткен» - Мейлі. Бірақ жер аударылып кетсін, өзім Әміржан Қосановқа сенімім баяғыша. Саясаттанушы Расұл Жұмалы солай дейді. Сайлауға түскен Қосановты әуелде қиқулап қолдаған халық, сайлаудан соң оны ит қосып қууға шақ қалды. Жұмалы мұның себебін біздің қоғамдағы азаматтық ұстанымның осалдағымен байланыстырыпты.
«Марғұлан Сейсембай: “20 жыл жинаған абыройын айрандай төкті”» - Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Фейсбуктың парақшасында Президент сайлауына қатысты пікір білдірді. Ол өз ойын бірнеше бағытқа бөліп айтыпты.
QAMSHY.KZ. «Басшылар басқосуы. Путин мен Рахмон құшақтасып, Тоқаев топтан тысқары жүр» - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) V саммиті өтті.