Атырау, 5 қазан 10:26
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Халифат сарбаздарына» көмектескені үшін 10 жылға сотталды

2 605 просмотра

Сурет news.tournavigator.ru сайтынан алынды№ 2 Атырау қалалық соты ҚР ҚК-нің 233-ші («Лаңкестік») және 251-баптарында («Қарудың және жарылғыш заттардың заңсыз айналымы») қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін Айдос ҚҰСАНОВТЫ мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Облыстық прокуратураның баспасөз релизінде айтылғандай (үкім мәтіні бізге қолжетімсіз), «2010 жылдың күзінде А.Құсанов салафиттік ағымдағы исламды насихаттай жүріп, Ақтөбеде болғанда осы қаланың тұрғыны Е.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВПЕН тығыз байланыста болған. Соңғысы діндес бауырын ауғандық-пәкістандық шекара маңында соғысып жатқан моджахедтерге көмектесуге шақырған».

А. Құсанов, шамасы, моджахедтерге қаржылай көмек көрсету әрбір шынайы мұсылман үшін парыз деп сенетін болса керек. Сөйтіп, Пәкістандағы «Қазақ ислам жамағаты» (қазіргі «Джунд-Әл-Халифат») лаңкестік тобына Құдайбергенов берген 380 мың теңгені ақтөбелік «Жамағат Ансару-д-дин» лаңкестік тобы арқылы жіберуші делдал болған.

Қылмыстық істегі басқа көріністер туралы баспасөз-релизінде ештеңе хабарланбайды. Прокуратурадағылар тек Құсановтың уағыздау жұмыстарының негізгі бөлігін Атырауда жүргізгенін нақтылады, алайда егжей-тегжейлі айтпады. Бізге лаңкестікке күдіктелген 42 тұлға туралы істе сотталушылардың қатарында «Ли тобынан» Құсановтың Айбек (лақап аты «Исмаил») есімді фамилияласы болғаны ғана белгілі.

Естеріңізге салсақ, «Джунд-Әл-Халифат» («Халифата сарбаздары») халықаралық ұйымы 2011 жылдың 25 қарашасында Атырау қалалық сотының шешімімен лаңкестік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағында оның қызметіне тыйым салынған болатын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

10 қазан 2012, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.