Атырау, 18 желтоқсан 21:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Азаптау, тыйым мен шектеу азайған жоқ», «Орталық Азия неге радикалданды?», «Қырғызстанның бұрынғы президентін жауапқа тарта ма?», «Тәжікстан түрмесіндегі бүлік: себеп пен күмән», «Сириядан оралған әйел ДАИШ-ке қосылғанына өкінеді».

2 191 просмотра

AZATTYQ.ORG «Тәжікстан түрмесіндегі бүлік: себеп пен күмән» - "Ислам мемлекеті" террористік тобы Тәжікстанның Вахдат қаласында мамыр айында болған түрме бүлігін мойнына алды деп хабарлады Reuters. Кейбір құқық қорғаушылар түрмедегі бүлік "ондағы азап пен қысымға шыдамаған сотталушылардың қарсылығынан туындауы мүмкін" деп болжайды.  

«Сириядан оралған әйел ДАИШ-ке қосылғанына өкінеді» - «Жусан-2» арнайы операциясы кезінде Қазақстанның арнайы қызметі елге жеткізген келіншек Сириядағы ДАИШ тобының («Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы) қол астында болған алты жылы туралы ойламауға тырысады. Үлкені биыл алты жасқа толатын екі ұлдың анасын төркін жұрты қуана қарсы алған.

«Қырғызстанның бұрынғы президентін жауапқа тарта ма?» - Қырғызстан парламентінің бірқатар депутаттары елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың әрекеті мен мәлімдемесіне баға беруді талап етті.

«Халық "күдіктілерді Қытайға беру" заңына қарсы шықты» - Гонконгте бірнеше күннен бері миллионға жуық адам «қылмысқа күдіктілерді Қытай, Макао және Тайпейге беру туралы заңға» қарсы наразылыққа шықты. Маусымның 13-і күні Гонконгте мемлекеттік мекемелер уақытша жұмысын тоқтатты.

«Арман Абдуллаханов: "Шеруге қатысқым келсе, велосипед пен сөмкесіз шығар едім"» - Маусымның 10-ы күні Алматыдағы Астана алаңынан велосипедпен өтіп бара жатқан Арман Абдуллахановты наразылық акциясына қатысушыларды ұстауға келген полицияның қалай әкеткені туралы видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Азаттыққа берген сұхбатында ол бұл оқиғаға "саяси реңк бергісі келмейтінін" айтты.

«Азаптау, тыйым мен шектеу азайған жоқ» - Халықаралық Amnesty International (AI) құқық қорғау ұйымы Қазақстанды азаматтарға бейбіт жиын өткізуге биліктен рұқсат алуды міндеттейтін заң ережесін жоюға, үкіметтің жер реформасына қарсы шеруден кейін сотталған Макс Боқаевты түрмеден босатуға шақырды. Ұйым Нұр-Сұлтанға азаптауға қарсы тиімді шара қабылдап, азаматтардың пікір білдіру және бірлестік құру бостандығын қамтамасыз етуді ұсынады.

QAMSHY.KZ. «Расул Жұмалы: Әміржан мырза ешкімді сатқан жоқ» - Айналайыным-ау, кімге сатты, қалай сатты? Сатса, онысы үшін нендей нәфәқа алыпты? Мен білетін Әміржан мырза, бұл додадан кейін ысылып-қайраттанғаны болмаса, сол баяғы адал да қарапайым, халқым деп зарлаған Әміржан

ABAI.KZ. «Орталық Азия неге радикалданды?» - Идеологиялық вакуум, халықтың қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайға душар болуы, заңдағы солқылдақтар және   т. б. себептер радикалды ағымдардың жаппай таралуына тиімді жағдай болады.


14 маусым 2019, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.