Атырау, 11 желтоқсан 03:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Бюджет жаңадан жасақталды

2 204 просмотра

Көрнекі сурет (облыстық мәслихаттың жазғы сессиясы)3 қазанда облыстық мәслихаттың VIсессиясында ағымдағы жылға арналған облыс бюджетіндегі өзгерістер туралы облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА баяндама жасады.

Оның айтуынша, қазына шығындарын 8 млрд 442 млн теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берген облыс бюджетінің шығыс бөлігіне талдау жүргізілген. Дегенмен, А.Әжіғалиеваның айтуынша, кідіртуді күттірмейтін бағдарламаларға да қаржылар бөлінген.

2013-2015 жылдарға арналған құрылыс нысандарының жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға мынадай қаржылар бөлінді: білім саласына - 166,5 млн теңге, денсаулық сақтау - 51,3 млн теңге, мәдениет – 37 млн теңге, жол инфрақұрылымына –261,8 млн. теңге, ішкі істер органдарына - 21 млн теңге, кәріздік желілерге және ғимараттарға - 84,7 млн теңге, су тазалау ғимараты құрылысына - 7,6 млн теңге, Сарайшық жүйке аурулар интернатына 200 орынды қосымша құрылыс ғимаратына - 10 млн теңге, Оқушылар үйі мен Салтанат сарайына - 22,8 млн теңге, мемлекеттік тудың тұғырына - 2,4 млн теңге, облыс әкімдігінің көлікжайын күрделі жөндеуге - 600 мың теңге, қала мен аудандардағы тұрғын үйлерге - 80,7 млн теңге.

Сондай-ақ, аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтуға - 321,8 млн теңге; білім беру басқармасына - президенттік шыршаны және қалалық шыршаны өткізуге, №1 мектеп-интернат үшін ойын алаңының құрылысына, құлағы нашар еститін балаларға арналған интернатқа автобус сатып алуға және қызметкерлерінің еңбек демалыстарының ақыларын төлеуге - 60,7 млн теңге; денсаулық сақтау басқармасына туберкулезбен ауыратын сырқаттар үшін шұбат сатып алуға, скрининг өткізу үшін ауруханаларға құрал-жабдықтар сатып алуға, Жылыой ауданындағы аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге - 73,4 млн теңге; мәдениет басқармасына - Ғабдол Сланов атындағы кітапхананың күрделі жөндеуіне, «Жыл таңдауы» байқауын өткізуге және фольклорлық ансамбльдер үшін костюмдер сатып алуға, Махамбет атындағы драма театрына музыкалық аспаптар сатып алуға - 68,5 млн теңге; ішкі саясат басқармасына діни шараларды өткізуге- 10 млн теңге; жастар саясаты басқармасына құрылуына байланысты - 2,9 млн теңге қаржы бөлінді.

Бұдан басқа, бюджет мекемелері қызметкерлерінің еңбек демалыстарын есептеу барысындағы айырма ақшаларын төлеуге – 129 млн теңге; аудандарға жылу маусымында қажетті арнаулы техникаларды сатып алуға - 60 млн теңге; ішкі істер департаментіне автокөлік құралдарын сатып алуға - 250 млн теңге; бұрын жекешелендіріліп, коммуналдық меншікке кері қайтарылған нысандарды тіркеу төлемдеріне, Мақат ауданының өрттен зардап шеккен 4 отбасына тұрғын үй сатып алуға - 10 млн теңге; жаңа шаруашылық басқармасына - 25 млн. теңге ақша бөлінді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қазан 2012, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.